Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 27 нау-рыз күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жастар жылына орай XIV халықаралық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын ашу, жүректеріне сенім ұялату. Олардың тұлғалық дамуына үлес қосып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған фестиваль 4 номинациядан (вокал, хореография, қолөнер, сурет салу) тұрды. Осы фестивальге ат салысып өз өнерлерін көрсеткен 25 қатысушы болды.
Фестивальға аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, Көкпекті аудандық «Нұр Отан партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев, орталық мешіттің бас имамы Н.Дүйсен, наиб имамы К.Ахметқалиев, Жастар орталығының директоры А.Қалықов қатысты.


Мәдениет үйінің фойесіне балалардың қолымен жасалған көркем дүниелерден жасақталған көрме қойылды. Фестивальдің аудандық кезеңіне қатысып отырған балалар мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамай, өз өнерлерін ортаға салды. Ән де шырқады, би де биледі. Көздерінде нұр, жүрегінде оты бар өрендердің күн шұғыласындай жарыққа ұмтылысын көріп, бей-жай қалу мүмкін болмады. Кейде күлдік, кейде қуандық, кейде кірпігімізге жас қонақтады. Аяушылықтан гөрі, сүйсіну басым болды.
Балалардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қарым-қабілеттерін дамытуға арналған шараға «Шуақты шұғыла» бала бақшасының ән-күй жетекшісі Айнұр Оразаева, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі Клара Садвакасова, «Балалар өнер мектебінің» директордың тәрбие жөніндегі орынбасары ШарипаТыныбаева, «Балалар өнер мектебінің» педагогі Равиль Қияқпаев қатысып, қазылық етті.
«Вокал» номинациясы бойынша І орын – Көкпекті ауданының әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушысы Т.Кулекенов; ІІ орын – Куйбышев атындағы негізгі мектеп оқушысы Т.Нұрсалимова; ІІІ орын – Октябрь мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Ю.Старикова.
«Хореография» номинациясы бойынша І орын – Көкжайық орта мектебінің оқушысы Ш.Теміртаева, ІІ орын - Көкпекті ауданының әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушысы Т.Рахматуллина, ІІІ орын – І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің оқушысы Ә.Орынбасар.
«Қолөнер» номинациясы бойынша І орын – Балалар өнер мектебінің оқушысы А.Дюсупов, ІІ орын – Абай атындағы мектеп-бала бақша кешенінің оқушысы Ш.Оразалина, ІІІ орын - Балалар өнер мектебінің оқушысы М.Баймұханов.
«Сурет салу» номинациясы бойынша І орын - Көкпекті орта мектебінің оқушысы Р.Грининг, ІІ орын – Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің оқушысы Ә.Маметеков және ІІІ орын осы мекеменің оқушысы Ж.Төлесова ие болды.
Әділқазылар алқасының шешімімен ерекше көзге түсіп «Вокал» номинациясы бойынша облысқа жолдама алған Көкпекті ауданының әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушысы Темірлан Күлекенов.
Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар таратылып, мадақтамалар және алғыс хаттармен марапатталды. Фестиваль қонақтары өнерпаздарға жеке сыйлықтарын табыстады. Көкпекті ауданы "Нұр Отан партиясы" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева «Нұр Отан» партиясының атынан Т. Кулекенов және Ә.Орынбасарға ақшалай сыйлық берді. Осы фестивальдің өтуіне демеушілік көмек көрсеткен Көкпекті ауданының кәсіпкерлеріне, «Аққу», «Шынар», «Самұрық» дүкендері қожайындарына алғысымызды білдіреміз. Осы аудандық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен өнерпаздар облыстық «Жұлдызай» фестиваліне жолдама алады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз