Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еске сала кетсек, 23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына Нұр-Сұлтан деген жаңа атау беру туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Астана қаласына Нұр-Сұлтан атауы берілуіне қолдау білдірген аудан тұрғындары мекеме, ұйым қызметкерлері, белсенді жастар Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйіне жиналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын жылдардан Елбасының батыл шешімі, салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінгідей берекелі де мерекелі кезеңге жетіп отырмыз. Осы 30 жылдың ішінде қандай табысқа, қандай жеңіске қол жеткізсек, соның бәрінде Нұрсұлтан Назарбаевтың төккен тері мен қажыр-қайраты, қайталанбас қолтаңбасы бар. Астана – Елбасының төл туындысы, жас қала бүгінде жасампаз істердің ұйытқысына, сәулетті де, дәулетті шаһарға айналды. Қаланы Елбасының құрметіне атау туралы бастаманы салтанатты шараға қатысушылар қуанышпен қабылдады.


Еліміз үшін маңызды оқиға аудан халқы тарапынан қолдау тапты. Ардагер-ақсақалдар қауымы көңілден шыққан лебіздерін білдірсе, ауданымыздың белсенді жастары әсем әндерін айтып, би билеп қолдау көрсетті. Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Құмар Құнапиянов Ұлы даланың кіндігінде орналасқан, Елбасының бастамасымен салынған Астанаға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді аудан халқы да қолдайтынын жеткізді.
-Құрметті жерлестер, біз міне Қазақстан тарихында тағы бір шешуші кезеңде отырмыз. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен айдың 19 күні тарихи шешім қабылдап, өзінің өкілеттігін тоқтауға шешім қабылдаған болатын. Осы қадамның өзінен ақ ол азаматтығының, тектілігінің белгісін көрсетті. Осындай жағдайда жан-жағымызды бағамдап, өткенімізге көз салатын болсақ, елбасының еңбегі ұшан теңіз. Бұл үрдіс мәдениетті, өркениетті халықтарда жиі кездеседі. Сондықтан да тұңғыш президентімізге қандай құрмет көрсетсек де артық емес деп ойлаймын. – деді Құмар Құнапияұлы.
Сондай-ақ аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева да көңілден шыққан лебізін жолдады.
Ал, ауданның белсенді жастары атынан сөз кезегі жастар орталығының директоры Азамат Қалықовқа берілді.
- Астанамызға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешімін біз Көкпекті жастары қолдаймыз. Себебі кемеңгер, дара тұлға біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күшімен Елордамызды мойындады. Елбасымыз көпшілікке өнеге болып, жастарға айрықша шабыт беріп отыр. Осы орайда, тәуелсіз ұрпақтары ортақ мақсатта ұйысып, елдік мүдде жолында, Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуіміз керек, өйткені жалынды жастар – ел болашағы. Қабылданып отырған шешім барлығымызды қуантты. Шын мәнінде Нұр-Сұлтан атын бүкіл әлем біледі. Алдағы уақытта бұл атау әлемдік брендқа айналуына сенеміз.
«Барша көкпектіліктерді тарихи күнмен құттық-таймын!» - деді жас буын өкілі.
Елорданың атауын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзертуге арналған салтанатты іс шараға жиылған жұртшылық аудандық мәдениет үйі әншілерінің тамаша концертін тамашалап тарқасты.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз