Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күн! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиын мен мерекелік концерт Сарыбел ауылдық округінде өткізілді.


Салтанатты шарада ауыл тұрғындарын округтің бас мамандары Мармалат Тайф және Ғалия Смаилова құттықтап, ауыл әкімі Аслан Жапарқұловтың атынан округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қосқан үлесі үшін ауыл тұрғындары С.Аитова, Л.Санина, С.Жетенова, Т.Қалиев, М.Тайфқа Алғыс хаттар табыс етілді.
Тәуелсіздікке арналған іс шара ауылдың жезтаңдай әншілері Бейсенбек Көбентаев, Назиға Ибраева, Майсара Мұқашева, Айбаршын Жолдыбава, Сания Аитова және мектеп оқушыларының қатысуымен өткен мерекелік концертіне ұласты. Әншілердің әні көрермен көңілдерінен шықты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.

Өсергүл Мамедолда, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз