Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құлынжон ауылдық клуб үйінде аудандық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға ауданның барлық ауылдық округінен өнерпаздар қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы Казнаковка орта мектебі директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Менсара Қанғашова. Ән байқауында өнерпаздар төрт топқа жіктеліп өнер көрсетті. Яғни 6-8 жас-кіші топ, 9-11жас -орта, 12-14 жас – жасөспірімдер тобы және вокалды топтар сайысқа түсті.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес кіші топтан Фатима Габдрахманова, орта топ Айбибі Фахатқызы, жасөспірімдер бойынша Ернұр Қайырлы, вокалдық топ ішінен Айым, Гүлім Айдын сайыста бас жүлдені иеленді. Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара соңында «Art-Talant-Turkey» жас әншілер байқауының бас жүлдегері, Казнаковка орта мектебінің оқушысы Елназ Бақытбекова келген қонақтарға ән шырқап берді. Ал, патриоттық әндер сайысын жоғары дәрежеде жүргізген Ерасыл Рапеков пен Ләззат Тюлебергенова көрермендер қошеметіне бөленді.

М. Балтабаева, жетекші маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз