Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Көкпекті ауданының арнаулы әлеу-меттік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күні мерекесіне орай үстел тенисінен жарыс өтті.


Жарысқа орталықтың мамандары және Балалар өнер мектебінің мұғалімдері атсалысты. Аталмыш жарыстың қорытындысы бойынша І орын – Айгүл Слямбекова және Равиль Қияқпаев, ІІ орын Виктория Семенова, Амангелді Сақтағанов, Дәурия Ахметжанова алса, ІІІ орын Айдана Есполова, Сержан Күркебаев алды. Жарысқа Көкпекті орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Серікжан Серікпаев төрешілік етті.
Мереке соңында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Райхангүл Баймолдина құттықтау сөз сөйлеп, мадақтама қағаздар тапсырды. Барлық мамандар, және орталық ұжымы мерелік фото суретке түсті.
Ж.Нұрсапаев,
спорттық іс-шараға жауапты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз