Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскемен қаласында өткен таэквондодан облыстық чемпионатта және Семей қаласындағы халықаралық турнирден Көкпекті ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі таэквандо бөлімінің тәрбиеленушілері үлкен жеңіспен оралып, аудан қоржынына  2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды  қанжығалап қайтты.

Облыста өткен Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың түрінен бірінші орын тұғырынан өз салмақ дәрежелері бойынша Анатолий Бойков көріне білді. Ал, Бекжан Жексембеков пен Ақпейіл Дәулетханқызы ІІ орынды еншілесе, Бексұлтан Маратов, Сәбит Әкімбеков ІІІ орынды қанағат тұтты.


Жас таэквондышылар Семей қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып, бақтарын сынады. Үш мемлекеттен келген 700 дей таэквондышылардың ішінен оза шапқан бағландарымыздың жетістіктері: І орын Рахат Байсақалов пен Бексұлтан Маратов, ІІ орын Динара Рахимова мен Ақпейіл Дәулетқанқызы, Темірлан Жұмақанов, Сәбит Әкімбаев алса, ІІІ орынды Бекжан Жексенбеков жеңіп алды.
Бақыт Ғазизұлы Рахимовтай білікті бапкердің ізін басқан жас таэквондошылар жыл басынан бері толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Ендеше, іске сәт, балғын таэквондошылар!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз