Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аулында айырықша уақиға болып өтті. Бұл ауданымыздағы ардагер спортшы, спорт бөлімінің бас маманы, басшысы болған, ауданға әйгілі әйгілі журналист Болат Юсуповтың құрметіне өткізілген – волейбол турнирі еді. Аудан тұрғындарына «Болат мұғалімді», «Болат физрукті», «дядя Боня – Боня ағайды», «Болат ағаны» және аудандық газеттің жауапты хатшысын, Болат Ғабдулкәкімұлы Юсуповты таныстырып жату қажет болмас. Себебі сонау ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарынан Көкпекті ауданындағы спорт саласында еткен еңбек өтілі 40 жылдан асады. Тәрбиелеп шығарған түлектері 1500-нан асады. Турнирдің ашылуы салтанатына аудан әкімі Асхат Смаилов, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов арнайы келіп құттықтауларын жеткізді. Аудан әкімі спорттың қашанда маңызды екенін, Көкпекті волейболының биік шыңдарын да көргенін айта келіп, биылғы жылы спорт бөлімі дербес мекеме ретінде қайта құрылғанын тілге тиек етті. Саланы қайта түлетуді қолға алатынын, спорт ардагерлерінің ақыл-кеңесі үнемі қажет болатынына тоқталған Асхат Сайдахметұлы зейнеткер ағаның иығына шапан жауып, алғысын білдірді.
Жастары 50-ден асқан кіл спорт саңлақтары, волейболдың хас шеберлері Көкпекті мен Самар ауылдарынан жиылыпты. Атап айтсақ 66 жыл волейбол добын қолынан түсірмеген көкжыралық Түркістан Барбосынов, Қазақстан Республикасына әйгілі Борис Растрига. Сонымен қатар, соққан добы алаңда жататын – үлкенбөкендік Мұсабек Нұғыспанов, ала допты алақандарында ойнататын көкпектілік тарландар Ерлан Жұмажанов, Насыр Сүйіндіков, Болат Жармұханбетов және тосқауылы тасқамал Қайрат Ахметкалиевтер «Көкпекті-2» командасын құраса, «атқан добының алуы қиын» майталман Василий Шо-Бу бастатқан Самар тобының мергені Мұхит Токов, соққысы мүлт кетпейтін Ербол Әміров, алдап соғатын Қанат Уваисов, қорғаныстың шегенді шебі Аслан Ибраев пен Молдабаев Болаттардың көрсеткен ойыны «Көкпекті-1» болып ұйымдасқан волейболдың берені Шалбаев Мұхтар, серісі Серік Сұлтанов, ерені Амантай Байболысов, кереметі Болат Сәбитовтардан басым болды. Алға озған самарлықтарды алаң иелері құрметтеп, достық көңілмен, разы қылып аттандырды.


Турнир қонағы Қаршыға Тыныбаевтың зейнеткер Болат Юсуповқа деген ақжарма тілегі мынандай еді:
- Мен Болат Юсуповті 4-ші сыныптан білемін. Өткен 40 жылдың ішінде үзеңгі қағысып бірге қызмет еткен әріптестерміз. Көкпекті спортының жетістіктеріне бірге қуанып, кемшіліктеріне бірге қынжылдық. Аудан намысы үшін аянбай еңбек еттік. Бүгінгі Болат Ғабдулкәкімұлының зейнет жасына келіп, құрметті демалысқа шығуы мен үшін де қуаныш. Болатқа спортқа деген адалдығыңды жоғалтпай, ала допты әлі де үйіре бер демекпін.
«Көкпектілік жасөспірімдер үшін Болат аға қашанда беделді болды. Спортшы балалар Болат ағаның қасынан әрқашан табылатынбыз» - деп, пікірін қосты ауданға белгілі құрлысшы-архитектор Болат Бекенов. «Зейнеткер жаттықтырушыны» - деп жазбақ болған едім, ол ойымнан тез қайттым. Жаттықтырушы – тренер қатарда, жеңістер мен жетістіктерге бастайтын жарыс жолы алға тартқанда оның демалуы мүмкін бе! Жарыс жолынан қашанда жеңіспен орала беріңіз, біздің құрметті тәлімгеріміз – Болат Юсупов.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз