Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осы аптада Көкпекті балалар үйінің түлегі кикбоксинг спортын жетік меңгеруші Иванченко «Бойко» Михаилмен салтанатты кездесу ұйымдастырылды.
Кикбоксинг спортының бапкері Аслан Таныспаевтың шəкірті, бүгінгі күні еліміздің ең бір талантты жас спортшыларының бірі Михаил Иванченко Ақтау қаласында өткен «Steppe Fighters» халықаралық турнирінің финалында Өзбекстандық қарсыласын жеңіп, жеңімпаз белдеуін қанжығасына байлады.
Осыдан біраз күн бұрын 4 тамыз күні, Ақтау қаласында өткен NFC (Naiza Fighting Championship) кикбоксинг түрінің К-1 бөлімі бойынша Steppe Fighters «Дала балуандары» ол халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Бұл бөлім «жапон» кикбоксингінің шынтақпен және әртүрлі тәсілмен ұру арқылы ұпай жинауға тыйым салынатын тай боксының түрлендірілген түрі болып табылады. K-1 кикбоксинг бөлімдерінің ең қатаң түрі болып саналатынын атап өткен жөн.
Жеңімпаз спортшымен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин, маслихат хатшысы Т. Сарманов сондай-ақ ішкі саясат және білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандары, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е.Кәрібаев, жастар орталығының директоры А.Қалықов қатысты.


Талантты кикбоксшының қазіргі күндегі марапаттары Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, кикбоксинг мықтылары республикалық турнирының жеңімпазы, әлем кубогы чемпионы, «Steppe Fighters» белдеуін иеленушісі.
Баспасөз маслихаты түрінде өткен кездесуде аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы және аудан жұртшылығы атынан спортшыны жеңісімен құттықтады.
Аудан атын жарты әлемге танытып, дүбірі алыстан естілген додаларда атой салған, ауылға абыройлы жеңіспен оралған ауданымыздың спортшысына толағай табыс пен сәттілік тіледі.Спортшыны тамаша табысымен құттықтады және мұндай табысқа жету әркімнің қолынан келе бермейтінін атап өтті.
-Сенің табысың - зор нәтиже. Сен енді тоқталып қалмай, көп нәрсеге қабілетті екеніңді көрсете отырып, үздіктер қатарынан көрінеді деп сенеміз - дей келе, Дәурен Бақытжанұлы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен баспана беру және жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп беруге уәде берді.
Жерлесіміз Михаил Иванченконы жеңісімен құттықтап, маслихат хатшысы Т.Сарманов та сөз сөйледі. Құттықтау барысында спорт күніне орай ұйымдастырылатын мәдени шараға құрметті қонақ ретінде шақырды. Сондай-ақ Михаилдың жеңісіне қуанғандардың бірі жаттықтырушысы Аслан Таныспаев шәкіртін жеңісімен құттықтап, әлі де алар асуы көп болуын тіледі. Салтанатты бас қосу кезінде жас болсада толағай табыстарға қол жеткізіп, бүгіннің өзінде «Steppe Fighters» белдеуін иеленушісі атағына ие болып үлгерген ауданымыздың жас спортшысы Михаил Иванченко өзі туралы айтып өтті.
-Мен, Зырян ауданы,Серебрянск қала типтес ауылда 1995 жылы дүниеге келгенмін. 2005 жылы, отбасылық жағдайларға байланысты Қ. Раева атындағы Көкпекті балалар үйіне келдім. Оқудан тыс уақытта әрдайым спортпен айналыстым. Біздің балалар үйінде спорттық іс-шаралар жиі өткізілетін. Жасөспірім кезімде спорттың армрестлинг, тэквондо түрлерімен де айналысып көрдім. Алайда спорттың бұл түрлерінен өзімді халықаралық ареналардан көрмедім. 2008 жылы, мен сол уақытта кикбоксинг жаттықтырушысы болған Аслан Балабекұлымен таныстым. Маған осындай спорт түрі ұнады.Жаттықтырушымен жылы және достық қарым-қатынаста болдым. Спорттық жаттығумен қатар, ол менің рухани тәлімгерім болды. Тек спорт бапкері емес ақылшы ағам болды. Түрлі жағдайларда ол кісімен кеңесіп жүрдім.
2008 жылдан 2014 жылға дейін А.Таныспаевтың басшылығымен спорттық биіктерге қол жеткіздім. 9-сыныптан кейін Өскемен қаласындағы спорт колледжіне оқуға түсуге жоспарладым. Бірақ бұл тілек орындалмады. Он бірінші сыныпты аяқтағаннан кейін 2014 жылы Семей қаласындағы құрылыс колледжіне түстім.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, қазіргі уақытта Қазақстан Кикбоксинг федерациясының перзиденті Қайрат Смағұловтың жетекшілігімен жарыстарға қатысып жүрдім – деді жас спортшы. Бүгінгі күні Михаил жарыстарға кикбоксинг бойынша Қазақстан құрамасының атынан шығып жүр. Сол уақытта ұйымдастырылған жарыстарға қатысуға демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлер Ж.Күшікбаев, Б.Бербердинов, Қ.Дүйсенбаев, Ә.Мұқашева, Б.Мүрсәлімова, А.Бойков, В.Виничук секілді ауқатты азаматтарға алғысын білдірді.
Қонақты жергілікті биліктің атынан аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин алғыс айтып, иығына шапан жауып шығарып салды.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз