Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысқан адамдарға құрмет көрсету мақсатында, кең көлемді патриоттық акция, маңызы бар іс шара аудан бойынша ұйымдастырылып жатады.Көкжыра ауылы Амангелді атындағы мектепте дәстүрлі түрде Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы Марат Жаманғутовты еске алу үшін волейболдан турнир ұйымдастырылады.
Міне, биыл да осындай іс шара Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы Қайрат Қаймулдиновтың ұйымдастыруы, мектеп ұжымының қолдауымен турнир өткізілді. Еске алсақ, Көкжыра тумасы 1986 жылы Марат Жаманғутов әскери борышын ақтап жүргенде бір неше ай бойы Чернобыльде болған. Еліне оралып келгенен кейін, ауыр зардаптарынан онкологиялық дертке ұшырап, мезгілсіз қайтыс болған.


Турнирге Құлынжон, Самар, Белое, Көкжыра ауылының мектептерінің оқушылары қатысты. Турнирдің ашылу салтанатын Құлынжон ауылдық округ әкімі Самат Кунафин құттықтау сөз сөйлеп бастады, мемлекеттік Әнұран орындалды. Қасірет шеккен қайсар жандарға бір минут үнсіздік жарияланды.
Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы Қ.Қаймулдинов, дене шынықтыру мұғалімі М.Токов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге қатысқан командалар ойын дәрежесін өз деңгейлерінде көрсете білді. Ойын барысында көзге түсіп, ойынның шырайын келтірген ойын-шыларға мадақтама табыс етілді. Сонымен қатар, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер А.Қажығалиев, Т.Мәжібаев, Д.Тоқжанов, Н,Чапибаева, Л.Мәм-бетова, Е.Бүлембаев ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қайрат Қаймулдиновтың айтуынша, Черно-былді - «ерекше аймақ» деп атап кеткен. Бүгінде сол «ерекше аймақта» болған адамдардан саусақпен санарлықтай ғана қалды. «Жоқ» деп айтуға да болады. - Сөз реті келгенде айтайын дегенім, Чернобыльде болған жандарға қатысты мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жәрдемақыға көпшілігіміздің көңіліміз толмайды. Мәселен, Ресейде Чернобылде болған азаматтар батыр ретінде құрметтеледі. Оларда Чернобыльде болғандарды жұмыс істеген аймақтары бойынша ерекшелейді. Ал, бізде бұл жұмыстар атқарылмайды. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» деген. Тек, әділдік болса екен деймін. Себебі, 4-інші энергоблокта болған азаматтардың барлығы дерлік бала-шағасының, немерелерінің қызығын көре алмай кетті. Сондықтан, бұл азаматтарға лайықты құрмет көрсетіліп, тиісті жәрдемақылары көбейтілсе екен деген тілегім бар, - деді Қайрат Қаймулдинов.


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз