Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылған халыққа қызмет көрсету орталықтары елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде қызмет көрсетуде. Солардың бiрi - аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы. Бұл күнде аталған орталық бұрынғы нөпiр кезектi жойып, халыққа оңтайлы, тиiмдi қызмет көрсетiп, жұмыс жасап келедi.


Биыл Көкпекті ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының құрылғанына 10 жыл. Мерейтой. Ағымдағы жылдың 28 қазан күні аталмыш ұжым орталықтың директоры Ерік Ернарұлы Табиғатовтың бастамасымен мерейтой қарсаңында Көкпекті ауданының ерлер арасында баскетболдан аудандық турнир өткізді. Турнирге ауылдық округтер мен мектеп оқушылары жастардан құралған 6 команда қатысып, бақ сынасты. Жарыс Көкпекті орта мектебінің спорт залында өтті. Турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген қонақтар, халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы Қайрат Жүнісов, аудандық кірістер басқармасының басшысы Қ.Умаров және Көкпекті аудандық сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы құттықтау лебіздерін білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: І-орын Шұғылбай ауылдық округі, ІІ-орын Көкпекті ауылдық округі және ІІІ-орынды халыққа қызмет көрсету орталығы және Әділет басқармасының құрама командасы місе тұтты. Жеңімпаздар кубокпен, медальдармен, мадақтама қағаздармен марапатталды.


КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз