Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Волейбол – спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.


Бүкіләлемдік волейбол федерациясының бас--тамасымен 22-29 маусым аралығында Хромтау қаласында «Волейбол фестивалі» аясында Қазақстанның 2002 -2003 жылы туған жасөспірім ұлдар арасындағы Волейболдан Жазғы чемпио-наты өтті. Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер волейболын және салауатты өмір салтын насихаттау. Фестиваль 2011 жылдан бастап Қазақстанда ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылғы жарыстың ерекшелігі Қазақстанның барлық аймақтарының балаларын қамтыды. Осы жарысқа Үлгілімалшы ауылындағы Абай мектебінің екі оқушысы Азамат Мұратбеков пен Ерасыл Елтаев «Шығыс Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының» «Шығыс – Алтай» волейбол командасының құрамында өнер көрсетіп, жеңіспен оралды. Үлгілімалшы ауылының 2 бірдей волейболшысының Қазақстанның 16 аймағынан қатысқан командаларының ішінен топ жарып, «Волейбол фестивалінің» бас жүлдесіне ие болып, чемпион атанғаны бүкіл ауыл тұрмақ облыс үшін мақтаныш. Азамат пен Ерасылдың жеңісі Үлгілімалшыдағы кезіндегі дүркіреген волейболдың қайта жаңғыруына серпін береді деген ойдамыз. Волейболшыларымыз ауылымызда волейбол мектебінің әлі де негізі сақталғанын, Үлгілімалшыдан әлі талай белестерді бағындыратын спортшылар шығатынын дәлелдегендей. Бұл жеңістің бастауы 2016 жылы болу керек болатын. Азамат пен Ерасылдың волейбол ойнау мәнерін байқаған Шығыс Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының жаттықтырушылары арнайы шақыртқан болатын. Осы ұсыныстың негізінде биыл спортшы балалар 9 сыныпты аяқтап, емтихандарын сәтті өтіп, Өскемен қаласына жаттығуға аттанды. Он күн жаттығудан кейін республикалық чемпионатқа жол тартты. Жарысқа қатысып қана қоймай, бірінші жарыстарынан Жеңіспен оралды. Спортқа бейімі бар ауыл балаларына, жастарына рух беріп, қолдау көрсетіп жүретін жерлестеріміз Ержан Естаев, Ержан Жакуповтарға ауылдастардың алғысы шексіз. Азамат пен Ерасыл осы жетістіктерімен тоқтамай, дарынды балаларға арналған мектепке қабылданып, спорттағы жеңісті жолдарын ары қарай жалғастырады деген ойдамыз.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз