Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәртіп сақшысы – ол білікті маман, қоғамда тыныштықты сақтаумен қылмысты құрықтаумен айналысады, бірақ соның барлығын жүзеге асыру үшін полиция қызметкері спортшы, шыныққан шымыр болуы керек. Міне, өмірден өткеніне 6 жыл болған полиция қызметкері, үлгілі отағасы, аяулы жар, асыл әке, адал дос Нұрбек Бейсенбекұлы Айтмұханбетов сондай адам еді. Соғуын мезгілсіз тоқтатқан жүрек шын мәніндегі азаматты орталарынан алып кеткеніне отбасымен бірге әріптестері де қатты қынжылды. Өзі де осы полиция бөлімінде аға буын әріптестерінен үйрене жүріп, артынан өсіп келе жатқан жастарға тәлімгер бола білген Нұрбек Бейсенбекұлын есте сақтау үшін Самар полиция бөлімінің ұжымы және қосағы Раушан Кентайқызымен ақылдаса келе, Нұрбектің өзі жақсы көретін волейболдан оның атындағы турнир өткізуді қолға алды.

Биыл сол турнир бесінші рет өтті. Самар ауылындағы спорт модуліне жиналған спортсүйер қауымға Н.Айтмұхамбетов туралы шағын бейнебаян көрсетіліп, командалар сапқа тұрғызылған соң, Әнұран ойналып, турнир ашық деп жарияланды. Көкпекті, Күршім, Сарыбел және Самар ПБ командаларының ойыншыларына бүгінгі күнге сәттілік тілеп, турнир иесі туралы естеліктерімен достары, әріптестері мен тәлімгерлері сөз сөйледі. Жиналғандарды турнирдің ашылуымен полиция полковнигі М.Жат-қанбаев, Самар ауылдық округінің әкімі А.Кү-дербаев, ішкі істер қызметкерлері ардагерлері кеңесінің төрағасы Р.Әлібаев, әріптестері әрі ізбасарларының атынан Т.Қалиев құттықтады. Бұл күнгі турнирге ардагерлер кеңесі, зейнеткерлер, Самар ПБ және жекелеген кәсіпкерлер, марқұмның отбасы демеуші болды. Қатым түсіріліп, ас берілді.
Тартысты ойында Самар полиция бөлімінің командасы ешкімге дес бермей, Кубокты ие-ленді. Күршімнен келген қонақтар бірер ғана ұпаймен жеңіліп, екінші орынды иеленді. Сарыбел ауылының командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Сарыбелдік М.Жолдыбаевқа «Үздік шабуылшы», көкпектілік М.Шалбаевқа «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша сыйлық тапсырылды. Алдыңғы жылдары өткен жарыстарда командалар саны оннан асып жығылып еді, биыл команда аз болды. Оған қарамастан, командалар шиеленіскен ойын өрнегін көрсете білді.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз