Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Жақсының аты өлмейді...» деген дана сөз бар. Жақсы адамның есімі, әрбір ісі, жарқын бейнесі жұрт жадында мәңгілік жаңғырып тұрады. Бұл Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында өткен Малдыбай қажыны еске алуға арналған ХVII республикалық бокс турнирі барысында анық аңғарылды. Турнирге Семей, Аягөз, Өскемен, Ұлан, Қатонқарағай, Абай, Үржар, Көкпекті аудандарынан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер қатысып, бақ сынасты.


Аталмыш додаға Көкпекті ауданының намысын қорғаған Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің оқушылары, Қайырбек Өжет, Қайыпжан Раджан, Бек Андаусызов қатысып қайтты. Оларды жаттықтырып, спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Берік Сағынбаевтың еңбегі зор.
Спортшылар жас айырмашылығы және салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Осы турнирде 2 орынды Қайырбек Өжет және 3 орынды Қайыпжан Раджан қанжығалап қайтты. Спортшыларымызға демеушілік көрсеткен «Виктория» ШҚ басшысы Ю.Виничукке ата-аналарының алғысы шексіз.
Сонымен қатар, облыстық Бокс федерациясы директоры Құрман Сабырұлы Рақышев спортшыларға 5 жұп былғары қолғап және спорт құралдарын сыйға тартты. Екі күнге созылған сайыста мықтылар озып шығып, жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды.
Иә, ауданда кенжелеп қалған спорттың еңсесін қайта тіктеп келе жатқанын бүгін тағы байқадық. Аянбай еңбек етудің биікке бастайтын жол екенін жастар түсінсе, әлі талай шаршы алаңда көкпектіліктер тұғырдың биігінен көрінетіні айқын.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз