Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әр спорттың өзіндік заңы мен тарихы бар. Осындай заңдылықтарды ұстанып, спортты өзінің жан досындай көретін мектебіміздің намысын аудандық, облыстық дәрежеде жоғары көтеріп жүрген спортшы қызымыз 11- сынып оқушысы Баян Әнуар жайында болмақ. 2012 жылдан бастап жаттықтырушысы Сайлауханұлы Манарбектің күнделікті дайындығымен Баян 7 сыныптан бастап спортпен шұғылданып, жарыстарға қатыса бастады. Аймақтық, аудандық жарыстардан жүлделі орындарға ие болды.


Биыл Қазақстан Республикасының 25 жылдығына ар-налған аудандық жеңіл атлетикадан (1000 м) І орын, жеңіл атлетикадан (400 м) І орын. Самар ауылында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ХХ аудандық спартакиадада жеңіл атлетикадан ІІІ орын, жеңіл атлетикадан (2400м) І орын, 1998-1999 жылдары туған оқушылар арасындағы шаңғы жарысында І орын иеленді.
Міне, еңбектің жемісін көресің демекші, жат-тықтырушысы Сайлауханұлы Манарбек ұстазға, спорт-тың түр-түрін меңгеріп, талмай еңбектеніп жүлделі орындарды уысынан шығармай, мектебіміздің атағын арқалап жүрген спортшы қызымызға тек алға, алар асулар алда демекпіз! Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!


Ж.Сейтқазы, Қ.Аухадиев атындағы орта мектептің, 11 - сынып жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз