Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық орта мектебінде «Қамқоршылық күніне» орай, бала бойына отбасы жылулығы мен махаббатын дарыта алатын кең пейілді, жомарт жүректі жандарға құрмет көрсетілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Е.Нұрлан қамқорлыққа алушы ата-аналарға арнайы құттықтау сөз сөйлеп, К.Құдабаева, Е.Боранбаев, Г.Бияхметова, Г.Абдулдинова мектеп әкімшілігі тарапынан бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбектері үшін алғыс хат пен марапатталды.

Мектеп психологі А.Бұтабаева ата-аналармен тренинг өткізіп, «Ата-ана», «Бала тәрбиесі» туралы бейнефильмдер көрсетсе, аға тәлімгер Ф.Жұмағұлова қамқоршы жандарға арнап шағын концерт ұйымдастырды. Іс-шара соңында қамқоршылықтағы Әлішер Құдабаев мен Гүлім Сабырбаеваға мектеп тарапынан естелік сыйлық берілді.


А.Бұтабаева,
Көкжайық орта
мектебінің психологі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз