Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға зор маңыз беріп келеді. Ол үшін спортпен де шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп атап көрсетті.

Мұның астарында шымыр да бәсекеге қабілетті ұлтты шыңдау мақсаты барын анық пайымдаймыз. Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі осы мақсатты жүзеге асыруға зор үлестерін қосып келеді. Бұл үшін ауданымыздағы спорт кешені жас спортшылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына барынша қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасауда. Сондай-ақ, спорттың барлық түрінен шұғылдану қолжетімді болды әрі күнделікті әдетке айналды десек артық емес. Осының нәтижесінде аудан намысын қорғап, туын биіктетіп жүрген спортшылардың жеңіс жолында тұғыры жоғары екендігі де дау тудырмасы анық. Біздің спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда айтарлықтай нә-тижелерге қол жеткізіп жүр. Соның бірі – корей халқының ұлттық спорт түрі – таэквон-до.


Ол Олимпиада ойындарының бағдарла-масына енгізілгелі аса көп уақыт өте қоймаса да, мамандардың айтуынша, қазақстандықтар жекпе-жектің бұл түрі бойынша мерейге бөлене алады. Таэквон-доның ITF түрінен біздің жерлестеріміз бірнеше мәрте ауданның атағын асқақтатып жүр. Оған дәлел жақында ауданымыздағы білгір бапкер сан жүздеген шәкіртті осы спорт түрінен баулып жүрген Бақыт Рахимовтың шәкірттерінің жеңісі.
Ағымдағы жылдың 24-25 қыркүйегінде Абай ауданында таэквон-додан өткен об-лыстық чемпионат өтті. Абай елін дүбірге бөлеген тартысты жарыс екі күнге созылды. Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толса, таэквон-до ИТФ-тың ашылғанына да 25 жыл толып отырғанын ескерсек, аталмыш чемпионаттың маңызы жоғары екендігіне көз жеткіземіз.
Облысымыздың барлық аудандарынан келген таэквон-дошылар бақ сынаған шаршы алаңда үздік ойын өрнектерін көрсетті. Бұл жарыста Бақыт Ғазизұлының шәкірттері жақсы нәтиже көрсетіп, Кубокты және 1-2 жүлделі орындарды қанжығалап қайтты. Жас спортшылар Д.Бекбердинова, А.Даулетханқызы, Ж.Смағұлов, Р.Байсақалов, С.Ерланова, Б.Жиенбекова, Е.Мертай, Е.Зияш, А.Мертай, А.Бойков ауданымыздың намысын ту етіп жүр.
Ал, әлемдік деңгейде аудан спортына үлес қосқандардың қатарына, Руслан Жүнісов жаттықтыратын «НОМАД» - ММА. Русланның шәкірттері 29 қыркүйек– 2 қазан аралығында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық ашық Азия чемпионатына қатысты. Аталмыш додаға ауданнан 5 бала, яғни Дәлел Маликов, Аңсар Болатов, Бекзат Қайырханов, Ернұр Қайырлы, Ерназар Мақсұтов бақ сынасып, күміс пен қола медальдарды ауданымыздың спорт қоржынына салды. 2 орын алған күміс медаль иегері Аңсар Болатхан және 3 орын қоланы Бекзат Қайырханов иеленді. Олар спорт додасына түскен 9 мемлекеттің арасында өздерінің күш-жігері және жаттықтырушының білікті де білімді тәжірибесінің арқасында жеңістің тұғырына шықты.
Ауданның намысын көтерген жеңімпаздардың бар-лығын сүбелі жеңістерімен құттықтаймыз. Сонымен бірге, осы балалардың ата-аналарына демеушілік қол-дау көрсеткені үшін жаттықтырушылардың алғыстары шексіз.
Қорыта айтқанда, Елбасымыздың тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, аудандағы спорт саласы белгіленген барлық бағыттар бойынша көзделген мақ-саттарға қол жеткізуде. Бұл орайда спортты дамытуға демеушілік жасауға үлкен көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр болар еді!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз