Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі таңда Қазақстанда спорттың ең бір дамыған түрі бокс десек, сірә қателеспейміз. Спорттың осы бір жарқын түрі елімізді дү-ниежүзіне танытып, әлемдік додаларда қан-жығамызды майлантып жүргені де рас.


«Азаматын көр де, ауылын таны», - демекші, құрыш білекті, шойын жұдырықты жігіттеріміз де ел намысын еш жерде аяқасты еткен емес. Қайта, «Қазақ жігіттерінің бәрі осындай. Бірі батыр, бірі палуан» деп ел мерейін үстем етіп жүр. Сондай жігіттердің бірі де бірегейі Көкпекті ауылындағы жасөспірімдер және балалар спорт мектебі және Преображенка орта мектебінің бокс үйірмесіне қатысатын жасөспірімдері. Олар ағымдағы жылдың 2-5 мамыр аралығында Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жас-өспірімдер арасында бокстан Ұлы Жеңіс күніне және Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға арналған ашық облыстық турниріне қатысты.
Аталмыш турнирға, жаттықтырушы Берік Са-ғынбаев және Алмас Мизамитов өз шәкірттерін баптап, жарысқа келген 14 ауданның ішінен топ жарып жүлдемен оралды. І орынды Әмірғали Исамиев, ІІ орын Сергей Цемер, ІІІ орынды Михайл Даукшта, Бекзат Донбаев, Ринат Махмудов қанжығалады. Сонымен қатар, жас жеткіншектердің турнирге баруға демеушілік көрсеткен «Сұлтман» ШҚ басшысы С. Ибраимовқа алғыстары шексіз.
Ендеше, көркейген Көкпекті жерінің жас дарын боксшылырына бақтарың жана берсін, көрінген биік тұғырларыңнан еш төмендемеңдер, әрбір ер жігіттің өзі шығар биігі бар демекпіз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз