Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени шаралардың бірі - республикалық «Шоқ жұлдыз» ән байқауы. Жас таланттарды қуаттау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте өткен өнер додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас өрендер бақ сынады. Дүниені дүбірлеткен тәуелсіз ел - Ұлы қазақтың жаңа ғасырының перзенттері өнерін ортаға салған балалар әлеміндегі ән мерекесінде бәйгеге түскен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы Бақдәулет Мұрат ауданымыздың мәртебесін асқақтатты.


Бақдәулет - балабақшадан бастап сахна төрін ән салу өнерімен әрлеп жүрген балапан. Оның дарынын сәби кезден ұштап жүрген әкесі Қанатпен бірге ол «Атамекен» әнімен аудан жұртына танымал бола бастаған. Өткен жылдарда мектептегі ұстазы С.Көпесовтың жетекшілігімен аудандық «Ақ көгершін», облыстық «Жаңа леп» ән байқауларында жүлделі орындар алып жүрді. Ал, аталмыш байқауда «Патриоттық ән» бағыты бойынша «Азат елдің ұланы» атты әнді қазылар алқасының талаптарына сай орындап, елінің кішкентай патриоты екенін өнерімен көрсеткен Бақдәулет I-орынды қанжығалап қайтты. Сөйтіп, дарындылығымен биікке қол созып жүрген жас өнерпаздың жеңісі тағы бір жүлдемен толықты.
Анасы Айтжамалдың айтуынша, Бақдәулетті алда тағы бір сынақ күтіп тұр. Ол 19 мамырда өткізілетін Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» атты ән байқауына шақырту алуы. Бұл жауапты шараға дайындық үстіндегі Бақдәулетке тілейтініміз, жүйріктен жүйрік озған ән байқауынан жеңіспен орал демекпіз.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз