Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде елімізді ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Сирия мен Ирак жеріндегі содырлар туралы блогыма көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Сол сұрақтардың басым көпшілігі «жиһад» жасаймыз деп аттанып жүрген жас-тар жөнінде. Исламдағы жиһад ұғымы мен содырлардың көксеген «жиһады» туралы.
Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес. Олар мұсылмандармен соғысуда. Оның ішінде бейбіт халықтың қанын төгуде. Олардың көксегені «мұсылманның қанын төгу» деп атасақ дұрыс болады.


«Жиһад» сөзі – араб тіліндегі [жахд] «тырысу, күш салу, талпыну, ынталану» деген түбір етістіктен шығады. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда деструктивті ағымдар мен жат пиғылды саяси топтар «жиһадты» қару алып соғысу деп бір жақты түсіндіріп жүр. Бұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Ал, «Жиһад» сөзінің дұрыс мағынасы белгілі бір асыл мақсатқа жету үшін, яки бір игі істі істеу үшін ең қымбат саналатын уақытыңды, дәулетіңді, бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді жұмсау, сол үшін тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді.
Менің пайымдауымша, Алла Тағаланы дұрыс танып, білім алып белгілі бір салада маманданып, өз мамандығын жетік меңгеруге бар қажыр-қайратын жұмсап, сол арқылы адамзатқа, өз Ота-нына, еліне, халқына пайдасын тигізу, өркендеуіне үлес қосу да нағыз жиһадқа жатады.
Сирия мен Иракқа аттанған жастар "Ат-такфируаль-хиджра", яғни «Тәкпіршілер» жама-ғатының өкілдері. Олар адамдарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бір құдайлық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, кәпірге шығаруда. «Таза Ислам», «таза Таухид» деген сөздерді бет перде еткен жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бас-тайды
Содырлардың шығарған сорақы шешімдерінің бірі – «жиһаду ан-никах» жыныстық жиһад немесе «әз-зауажуәл-мунакаха» уақытша некелесу деп аталады. Некенің бұл түрі шариғатқа қайшы келеді. Бейбіт халықты қойдай қырып, қан төгіп, бас кесуді қасиетті жиһад санайтын Сирия мен Ирак жеріндегі лаңкестік топтардың содырларына тәнін ұсынып, біраз күн немесе бірнеше сағат «әйел» болуды бүгінгі шейх-сымақтар қыз баланың жыныстық жиһады деп атап жүр.
Ғалымдардың пікірінше, «әз-зауажуәл-муна-каха» деген терминді алғашқы болып радикалды Ислам ағымының жақтаушысы Мұхаммедәл-Арифи шығарып, сунниттік бағыттағы мұсылман қыздардың өз еріктерімен Сирияға барып, сол жақта Башарәл-Асадтың режиміне қарсы соғысып жатқан әскерлердің жыныстық құмарларын қандыруға шақырған. «Бұл барып тұрған зинақорлық» деген ғалымдарға Арифи «Ниса» сүресінің 24-ші аятын дәлел ретінде көрсетеді. Ол аятта былай делінген: «Сендер олардан алған ләззаттарың, көрген қызықтарың үшін оларға тиісті мәһірлерін (сыйақыларын) беріңдер».
Мұсылман жамағатының назарын Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисінде аударсақ. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Денеде бір ет бөлшегі бар, егер ол жақсы, түзу болса бүкіл дене жақсы болады. Ал егер ол бұзылса бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар ол – жүрек» - деген болатын. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлеміб олсын) бұл сөзінен кейін мұсылманның жүрегін дұрыстау жолы үлкен жиһад болмағанда не болады?
Мұсылман кісі ойлау арқылы бұл ақиқатқа жеткеннен кейін оны орындауға тырысып, Ислам әдебіне сай, әрі шарттарына қатты көңіл бөлуі тиіс. Өз бойында түрлі кемшілік бола тұра, басқаларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған адам тура жол көрсеткендігі үшін сауап алғанымен, өзі жақсылықтан мақрұм қалып, жамандықтан жиренбегені үшін күнәлі болады. Өйткені, «жақсылықты кешіктіру, жамандыққа аяқ басу» деген сөз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Тәкпіршілерге» қатысты арнайы пәтуа шығарған болатын. Сол пәтуада «тәкпір – дінге енген жаңалық» екені туралы үкім берілді. Бұл пәтуа бұқаралық ақпарат құралдарында жария-ланды. Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің іс-әрекеті мұсылмандыққа мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы соғысқа не үшін барғанын білмейтін, мақсаты айқын емес жастарды мұндай фитнаға (бүлінушілікке) қатыспауға шақырады.
Ершат ОҢҒАРОВ,
исламтанушы, теолог PhD доктор,
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз