Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жуырда көңілді саз бен әсем назын жеткізе білген жайдарманшылар көкпектілік жанкүйердің көңілдерін өз әзілдерімен жадырата білді. Жастар орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан орталығы Көкпекті ауылының Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Тәуелсіздік ұландары» атты «Маусымашар - 2016» фестивалі өтті.


Жайдарманшылар ойынына он бір команда қатысты. Олардың қатарында көрермендерге жақсы таныс «Дарынды жастар» - Теректі ауылы, «Тассай құрамасы», «Есте сақта» командалары – Тассай ауылы, «Жас Қыран» - Көкпекті ауылы, «Тек қана жігіттер» - Преображенка ауылы, «Номад» дербес құрамасы – Көкпекті ауылы, «Жанайым» - Ажа ауылы және «Биғаш құрамасы» - «Бәріне - бәрібір», «Тәп-тәтті», «Тентектер» командалары болды. Жиналған өнерлі жастарды Көкпекті Жастар патриоттық-қоғамдық бір-лестігінің төрағасы Ж.Алпысбаев құттықтап, жайдарманшыларға сәт-тілік, ал көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Жайдарманның жас достарының өнерлерін тамашалуға жиналған жастардың санында есеп болмады. Көрерменге әсем әзіл мен көңілді күлкінің дәруменін сыйлаған жас өнерпаздар өнерін таразылау қазылар алқасына жүктелді. Десек те, ойын қорытындысы бойынша намысты қолдан бермеген, тартысты да күлкілі ойын көрсеткен 8 команда келесі айналымға жолдама алды. Ойын барысында «Үздік ойыншы» аталымына «Номад» командасының капитаны Нұртас Қажетов, «Үздік әзіл» аталымы бойынша «Дарынды жастар» командасы және «Көрермендер көзайымы» аталымына Ажа ауылының өте жас «Тәп-тәтті» командасы иеленді. Жайдарман ойы-ны мамыр айының басында Преображенка ауылында жалғасын табады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз