Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Хоккей ойыны - ауыл балаларына бұрын қол жетпес арман болатын. Тәуелсіздік алғаннан бері спорттың жан-жақты дамуына көңіл аудару арқасында ауыл өміріне сан түрлі спорт түрі ене бастады. Бұл ойынның дамуына, аудан, ауыл әкімшілігі, мектептер, кәсіпкерлер ұйым-дасқан түрде атсалысты. Әр мектеп ауласында, ауылдарда хоккей қорапшаларын салу үрдісі бірнеше жылдан бері қолға алынған болатын. Осыған орай, балалардың хоккейге деген қызушылығы артты.
Облыс бойынша жыл сайын «Жұлдызша» турнирі өте бастады. Бұған әр ауыл, әр ауданнан хоккей командасы құрылып, осы турнирге қатысқан әр ауданның командалары ынталы болды. «Жұлдызша» турнирі 10-13 және 14-16 жастағы балаларды қамтыды. Бұл хоккей ойыны үш кезеңнен тұрды. 1 кезең 12 ақпанда Көкпекті ауылында Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Теректі ауылдық округтердің балалары арасында, ал, 2 кезең Жарма ауданы Бақыршық ауылында өткен болатын. Мұнда көкпектілік хоккейшілер Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары командаларымен бақ сынасты. Соңғы, шешуші 3 кезең наурыз мерекесі қарсаңында 18-23 наурыз аралығында Өскемен қаласында өтті. Аталмыш турнирге әртүрлі қала мен аудандардан барлығы 8 команда ойын көрсетті. Біздің хоккейшілеріміздің кішкентайлардан құралған топтары 5 орынға ие болды.

Бұл біздің ауданымыздың спорт саласына қосқан хоккейшілеріміздің еңбегі екені рас. Салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдердің қызығушылықтарын оятып жүрген аудандық хоккей командаларының жаттықтырушылары үлкенбөкендік Есет Түкүшев және үлгілімалшылық Еркінбек Құсайыновтың еңбектерін атап өтуге болады. Сонымен қатар, осы ойында өз шеберліктерімен көзге түскен ойыншылар Жандос Майғапанов, Темірлан Алтынбеков, Ернар Бекмұхаметов, Ернұр Жұмаділов және Сүйкімбаев Темірланды ерекше атап өткен жөн.
Қорыта айтқанда, хоккей ойыны біздің ауданымызда бірте-бірте дамып келеді. Осы бағытта үзбей жұмыс жасап, жетістікке жету спорт жанашырларының алдағы ауқымды ісі. Болашақта біздің хоккейшілер тағы да қуаныш сыйлайды деп үміттенеміз.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз