Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысында өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері.Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды.
№1 Самар орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары Жам-былдың 170 жылдық тойын салтанатты түрде атап өттік. Жоспар бойынша «Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 170 жыл» атты салтанатты тізілісті әдеби бірлестік жетекшісі Г.Айтышева ашты. Ол Жамбыл Жабаевқа екі дәуірде өмір сүру бақыты бұйырғанын айтып, сөзін былай жалғады: «Ақын шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарауға болады: төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі. Ол бірінші кезеңде көбіне халық тіршілігіне көңіл бөлсе, екінші кезеңде кеңестік поэзиядан өзге, кеңестік шындықты жырға қосты. Оның әр жырында шынайылықтың белгісі бар». Қазақ мәдениетін ақынның артына қалдырған мол мұрасынсыз елестету мүмкін емес екенін айтты.
Мектеп кітапханашысы И.Чередниченко кітапханада «Жам-былдың жыр мұрасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-6 сынып оқушыларын Жамбыл атамыздың өмірбаянымен және шығар-машылығымен таныстырып өтті. Әдеби кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтты. Әдеби кеште 6-10 сынып оқушылары ақынның жырларын жатқа оқыды және бейнеүндеуді тамашалады. 9-10сынып арасында «Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы» атты «Дөңгелек үстел» өтті. Мазмұны терең іс-шараға қатысқан оқушылар рухани сусындап қана қоймай, Жамбыл атамыздың шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін де арттыра түсті. Ақынның өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы оқушыларды жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа, еңбекқорлықа баулитын қымбат қазына, рухани азық екенін, сонымен бірге біздер үшін тәрбиелік мән - мағынасының да зор екендігін ұғынды.
Г.Айтышева, әдістемелік бірлестік жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз