Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі күні фубол әлемдегі ең дамыған, кең тараған спорт түріне жатады. Ол бізге      Англиядан келді десек те, Ежелгі Египетте және майя үнділерінде оған ұқсас ойындар болған. Футбол жылдамдықты, тапқырлықты, шешім қабылдай білу мен төзімділікті      дамытады. Жыл сайын футбол өзінің тартымдылығымен, тартысты ойынымен, қайткенде де жеңіске жетуге деген құштарлығымен ойнаушылардың қатарына мыңдаған ұл балалар мен ерлерді еліктіреді.

Миллиондаған адамдар бос уақыттарында футбол ойнаса, миллиардтаған адам әлемдік чемпионатты қалт жібермей тамашалайды. Кәсіби ойыншылар, футбол жұлдыздары қаншама адамның табынушысына айналған. Атақты Пеле, Диего Марадона, Роналдо, Зидан, Месси, Криштиано Роналду, Месут Озил және көптеген футболшыны жанкүйерлер пір тұтады.
Футболды сүйетін, еліктіріп әкететін осы әдемі ойынды жақсы көретіндер біздің ауданда да жетерлік. Жаз айларында аудан орталығы мен Самар ауылындағы футбол алаңдары ешқашан бос болмайды. Алаңнан жанұшыра доп қуалап жүрген жас жеткіншектерді де, ересек адамдарды да, олардың ойынын тамашалап отырған жанкүйерлерді де көруге болады.
Осы ойынның жанашырлары Көкпекті ауылында Әуесқой футбол лигасын құрды, ол үзбей жаттығу жүргізіп, түрлі жарыстарға қатыса отырып, өз ойын техникалары мен шеберліктерін шыңдай түсуге ықпал етеді.


Лига құрылғаннан соң, іле-шала 2015 жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2016 жылдың 5-наурызына дейін футзалдық матчтар өткізілді. Оған аудан орталығындағы «Аманат», «Арлан», Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің, АІІБ, «Көкпекті жастары» жастар бірлестігінің командалары қатысты. 14 кезеңнің қорытындысы бойынша «Барыс» - бірінші орын, «Толағай» - 2 орын және Көкпекті орта мектебінің құрамасы – 3 орын олжалады.
Жарыс қорытындысы хаттамасы негізінде Көкпекті ауылындағы Әуесқой футбол лигасы облыстық әуесқой футбол федерациясына мүше болып қабылданды, бұл қоғамның дәрежесін арттыра түсіп, ойындарға қатысу мүмкіндігі кеңейіп, өз қатарларына футбол әуесқойларын шоғырландыра түсуге жол ашты. Футболды осылай ойнау түрі біздің ауданнан басқа ауданда тіркелмегенін атап өту орынды. Бұл жастарға салауатты өмір салтын ұстанып, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға насихаттайды.
Әуесқой футбол лигасының ауданда бұрын болмаған шеберлікке, табысқа жетуіне бар күш жігерін салған ұйымдастырушылар Қанат Жүнісов, Амангелді Салдырғазин, Ерлік Жұмағазин, Азат Рахымбаев, Ерасыл Әбілов, Заңғар Серіков сияқты бірқатар азаматтардың сіңірген еңбегі зор. Турнирдің үздік ойыншысы болып Дәулет Қапасов аталды. Ол турнир барысында ең көп (36) гол соққан. Жас та болса үздік, болашағынан үміт күттіретін футболшы – Диас Қасымбековты атай кету орынды болар, ол Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп командасының ойыншысы. Сонымен бірге, аталмыш турнир барысында Константин Калачиков, Расул Ленсов, Алмас Алпысұлы, Рустем Арынов, Егор Винтер сынды жас ойыншылар ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жиған тәлім – тәжірибесін арттыра түскендері анық.
Жарысты өткізуге спортшыларға зал берген Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің басшылығына футболшылар алғыс айтады. Алда Халықтық ойындар келе жатыр, оған біздің футболшылар да белсене қатысады. Оларға табыс пен табандылық тілейміз, жеңісті күндер көп болсын!

Қанат АПСАДЫҚОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз