Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамылжыған көктеммен ілесе келетін көркем мереке күні адамзаттың бесігін тербетіп отырған қымбат жандарға сөздердің маржаны, ең асылы арналатыны рас. Осыған орай, біз Көкпекті ауданы Тассай ауылындағы Батыр ана Кәмен Шақанқызы туралы әңгімелеп, ұзақ та бақытты өмір сүрудің қандай құпиясы бар екенін білгіміз, оған жүрекжарды жылы лебізімізді арнағымыз келді.
Кәмен Шақанқызы бүгінгі күні сексеннің сеңгірінен асып, тоқсанды толтыруға аяқ басқан, дүниеге әкелген балаларының қызығына бөленіп отырған аруана. Дүйсенбек ақсақал екеуі 11 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Батыр ана қосағымен қоса ағарып, бүгінгі күні Тассай ауылында бақытты қарттық өмірлерін сүруде. Балалық шағы ел басына күн туған аласапыран уақытқа тап келгенімен қоса, Кәмен әже кішкентайынан жетімдіктің кермек дәмін татып өсті. Сол жылдары ата-анасыз қалған тұл жетімдерге пана болған Көкпекті балалар үйіне әкелініп, Ж.Шайжүнісов сынды ұлағатты ұстаз алдын көреді. Көп ұзамай балалар үйінен қашып кеткен жұдырықтай панасыз қыз нағашы әженің қолында, басына түскен тағдырдың қатал сынына қасқая қарсы тұрып, бала болса да қиындыққа мойынұсынбай шыныға түскен болатын. Кәмен әженің айтуынша, ол кісі 13 жасында Сүлейменов Дүйсенбекке тұрмысқа шыққан. «Содан бастап 42 жыл бойы қой бақтық, жаз жайлау, қыс қыстауда жүріп талай қиындықты бастан кештік. Бүгінде еліміз егемендік алғанын көргеніме шүкіршілік етемін. Қазір ақсақалымыз екеуміз кіші келіндерім Ғалия мен Нұргүлдің күтіміндеміз. Ұрпақтарым тіл-көзден аман болсын, бүгінде 37 немере, 47 шөбере сүйіп, қазіргідей тәуелсіз, береке-бірлігі жарасқан, бейбіт елде тыныштық пен молшылық заманды да көрудеміз. Бір жағынан мал бағып, екінші жағынан бала өсіріп, ердің де

әйелдің де жұмысын қатар атқарып жүріп, екі рет қасқыр соққаным есімде. Қыс кезінде жаныма 6-7 жасар Серік деген үлкен ұлымды алып, өгіз шанамен шөпке барсам, қасқырдың арланы аузынан буы бұрқырап ұйықтап жатыр. Өзімнің аяғым ауыр, жаңағы қасқырды ашаның сабымен екі рет салып өтіп, шанаға салып үйге алып келгенмін. Екінші рет тағы да қораға кіріп кеткен қасқырды құлағынан ұстап алдым. Міне, содан менің ауылға «қасқыр соққан батыр келіншек» деген атым шыққан», - дейді әжей әңгімесін жалғап.
Әрине, Кәмен әженің өмір жолына үңіліп, айтқандарына құлақ сала келе, ұзақ жасаудың сыры ол кісі үшін қиындықтарға мойымай, өмірін бала-шаға қамына толығымен арнау, көп бала туу, ең бастысы, көңілдің тазалығы, ешкімге жаманшылық жасамай, қайырымды және мейірімді, кеңпейіл болуда деген тұжырымға тоқталдық. Қыздарының алды Мәншүк, Аймандар өзін өкшелеп қалған, балалары елдің әр түкпірінде Отанына адал қызмет етіп жүрген, олардың ішінен өз көзімізбен күнделікті көретін, өнеріне тәнті болатын, аудандық өнер мектебінің директоры қызметіндегі Асқар Сүлейменовтей ұл өсірген аруанаға зор алғыс айтамыз. Сізді аналар мерекесімен құттықтай отырып, әлі де немере-шөбере қызығын көріп, шөпшек пен неменелер сүюге Алла нәсіп етсін демекпіз. Денсаулығыңыз сыр бермей, отбасы бақытына бөлене беруіңізге тілектеспіз!
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз