Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Де-партаменті бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды
«9 желтоқсан – Халықаралық жем-қорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.


Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының үз-дік жарияланымдары арқылы қоғамдық санаға әсер етіп, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалып-тастыру болып табылады.
Байқауға республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-тар, интернет-пор-талдардың редакциялары, сондай-ақ жекелеген авторлар, журналистер қатыса алады.
Байқауға 2015 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашаға дейін БАҚ-тарда жарияланған мақалалар, теледидардан шығарылған бейнематериалдар мен арнайы бағдарламалар циклдері қабылданады.
Байқау қазақ және орыс тілдерінде келесі номинациялар бойынша жүр-гізіледі:
-«Үздік телевизиялық жұмыс»;
- «Үздік баспа жарияланымы»;
- «Үздік интернет жарияланымы».
Агенттік жариялаған байқауға жұмыстар 2015 жылғы 30 қарашаға дейін Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі №37, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қабылданады. Байланыс телефоны:+7 7172 90 93 17, сall-center 1494 нөмірі, электрондық пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Байқау ережесімен anticorruption.gov.kz сілтемесі бойынша танысуға болады.
Департамент жариялаған байқауға жұмыстар 2015 жылғы 30 қарашаға дейін 070004, Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2 мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде қабылданады немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық пошта мекен-жайына жолдауға болады. Байланыс тел.: 8 7232 29 89 43.

Байқау туралы ережемен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: anticorruption.vko.gov.kz.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз