Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Асқар Қапанұлы Қажығалиев, «Серік» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Қазақстан Республикасының Прези-денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ауылшаруашылығы саласына айрықша мән береді. Экономиканың бұл саласын барынша дамыту үшін қаншама жеңілдіктер жасалды, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам – ұлт жоспары» Стратегиясында да ауылшаруашылығын дамытуға қатысты бірнеше қадамдар арналған. Соның ішінде жерді тиімді пайдалану мәселесін қамтитын 35-36-шы қадамдар біздер үшін өте маңызды.
«Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы — елдің амандығы», - деген Елбасының сөзінде терең мағына бар. Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші сала еңбеккерлері мерекесі күні еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған қарапайым еңбек адамдарының алдында басымызды иіп, жүрекжарды алғысымызды айтамыз. Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Ауыл берекесі ортаймасын.
Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев, «Қалисатаұлы» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Ауа райының қолайсыздығына қара-мастан биыл да, ауданымыздың диқандары тұрғындарды нанмен қам-тамасыз етуге жетерлік өнім жинады. Аудандағы уақытша тұрақтандыру қорына жеткілікті мөлшерде картоп пен көкөніс салынды. Мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық жаңғырту, жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды, заманауи ресурс сақтаушы технологияларды қолдану негізінде дамып келеді. Осының бәрі өңірдің ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің аса зор әлеуетке ие екендігінің айғағы және бұл әрі қарайғы қарқынды дамуымыздың кепілі болмақ.

Ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерінің жетістіктері тек ауданымыздың ғана емес, сондай-ақ, облысымыз бен еліміздің мәртебесін арттыра түсетіні сөзсіз.
Құрметті ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері, сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан сіздерге, сіздер арқылы барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды айтып, келешекте де зор табыстар, мықты денсаулық, зор бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!
Александр Иванович Федосов, «ЖҚБ-14» ЖШС бас директоры, ауданның Құрметті азаматы:
- Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде біз аграрлық саладағы шаруалар толық аяқталып, ауыл-шаруашылық еңбеккерлерінің аяқ–қолды еркін созып, аз-кем тынығар шағында ауыл еңбеккерлерінің мерекесін атап өтеміз. Біздің ауданның ауылшаруашылық саласы еңбеккерлері де өздерінің төл мерекелерін дәл осындай тамаша бір шақта атап өтеді.
Көптеген ауыл шаруашылығы тауар өнді-рушілері мемлекеттің қаржылай қолдауын іс-жүзінде сезінді және өндірісті жүргізудің жаңа технологияларын, еңбекті ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруға бар күштерін салып жатыр. Мал шаруашылығын дамытуда да алға басушылық бар. Біздің шаруалар қазіргі күні асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойған. Сонымен бірге, сүт өндіру және сүт бағытындағы мал басын көбейту мәселесі де оң шешімін тауып отырғаны бізді қуантады.
Елдің ырыс-ынтымағына негіз болған асыраушы сала еңбеккерлері әрдайым аман, еңселері зор, табыстары мол болғай!
Тоғай Гүлмұродұлы Зүлфиев, «Ағайынды Зүлфиевтер» шаруа қожалығының басшысы:
- 2015 жылдың нәтижелерін қорыта отырып, ауыл еңбеккерлерінің жыл бойғы еңбектері және аграрлық секторды қаржылай қолдау бойынша қабылданған мемлекеттік бағдар-һламалар саланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды деп нақты айта аламыз. Бұл жобалардың барлығы тұрғындардың экономикалық хал-ахуалын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және қымбат емес отандық өнім өндіру жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қазіргі дағдарыс кезінде ауыл тұрғындарына зор көмек болары сөзсіз.
Биыл көкөніс егумен айналысатын біздің шаруашылық үшін де табысты жыл болды деп айтуға болады. Біз жылдағыдай емес биыл субсидияға қол жеткіздік. Соның арқасында тыңайтқыш, тұқым, техника сатып алуға және көкөніс сақтайтын қоймаларды жөндеуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде ауданның тұрғындарын қамтамасыз етуге жететіндей қырыққабат пен сәбіз, картоп қорын жасадық.
Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы, сондықтан да әріптестеріме көктен жаудырып, жерден өндірсін деген тілек тілеймін. Денсаулық зор болып, еңбегіміз ел игілігіне жарай берсін!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз