Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Семей қаласында 19 шілде күні қалалық мәдениет сарайында отбасылық өмір салтын насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті,- деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Қалалық кезеңнің ұйымдастырушысы: «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры мен «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Сайысқа алты отбасы қатысты. Қалалық байқау аясында отбасылар өзін-өзі таныстыруы, «Әлем халықтарының ұлттық дәстүрлері» тақырыбында шағын театрлық қойылым ұсынды.


Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйлықтары табыс етілді.
Қалалық байқаудың жеңімпаздары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне қатысады.
«Мерейлі отбасы» байқауы отбасы, адамгершілік, руханият институттарын нығайту, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңызын түсіну және ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.
Бір ерекшелігі осы сайысқа қатысқан 6 отбасының екеуі Көкпекті ауданынан шыққан атақты әулеттер. Бас жүлде жеңімпазы Шапатовтар әулеті Көкпектіге кеңінен танымал, өнерлі де текті атаның балалары. Бұл сайыста Арслан Шапатовтың отбасы үздік атанды. Жарасымды жұп Альмира және Арслан Шапатовтар ұзақ жылдар бойында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпазы болып, мәдениет саласына көп үлес қосқан жандар.
Үздіктер қатарынан көрінген тағы бір отбасы – Әлімғазы Жақсылықовтың жанұясы. Ұзынбұлақ ауылының тумасы Әлімғазы Жақсылықов бүгінгі күні Семей қаласында әскери қызметкер. Жұбайы Алтынай екеуі де осы Көкпекті ауданында дүниеге келіп, мектеп бітірген. Жақсылықовтар әулетінің отағасы Әлімғазы жасынан спортты жанына серік еткен елжанды азамат.
Жерлестерімізді Семей қаласында өткен сайыста жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз