Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап Көкпекті ауылының аумағында шектеу шаралары күшіне енді. Осыған байланыс-ты көптеген азаматтардың көкейінде бірқатар сауалдар пайда болып, түсінбеушілікке әкеп соғуда. Сол себепті жағдайды толық түсіндіру үшін Көкпекті ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. Г.З.Мирзасовамен әңгімелескен болатынбыз.

- Гүлмира Замаданқызы, автомобиль көлігінің қозғалуына қандай шектеу қойылған?
- Автомобиль көлігінің қозғалысы күндіз және түнде шектеледі. Оларда қызметтік және жеке көлікке арнайы рұқсатнамасы болуы шарт. Көлік қозғалысын тоқтату уақыты - сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін. 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтардың жеке көлікте жүріп-тұруы мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп/тақ болуы қағидаты бойынша байланыс-тырылып ұйымдастырылған. Бұл айдын жұп күндері бойын-ша жұп санға аяқталатын нөмірлері бар, айдың тақ күндері бойынша тиісінше нөмірдің соңында тақ саннан аяқталатын автомобильдерге жол жүруге рұқсат етілетінін білдіреді. Сенбі, жексенбі және мереке күндері (арнайы рұқсатнамасы бар қызметтік және жеке көліктерді қоспағанда) жеке көліктің жүріп-тұруына толық тыйым салынды.
- Автокөліктері жоқ азаматтарға қалай қозғалуға болады?


- Тұрғындар сағат 05.00-ден 09.00 және 18.00-ден 21.00-ге дейін арнайы рұқсат қағазынсыз еркін жүріп-тұра алады (жұмысқа/жұмыстан шығу, малды бағу және т.б.). Ал автомобильдерде жоқ арнайы рұқсат қағаздарымен таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін тақ немесе жұп күндері дәріхана, дүкендер мен банктерге баруына болады. Бір отбасына нақты жұп/тақ болу қағидатына сәйкес бір рұқсаттама, жеке автокөліктің мемлекеттік нөмірі немесе үй нөмірі берілді. Оны рұқсат қағаздарының қай күнге жарамды екенін түсіне байланысты немесе артқы бетінде көрсетілген күндерге қарап білуге болады. Бұл белгілі бір қолайсыздық тудыратыны анық, бірақ бұл шара азаматтардың көшелерде және қоғамдық орындарда шоғырлануын болдырмау үшін қажет.

- Ауылда қандай нысандардың қызметі тоқтатылды?
- Сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар, барлық меншік түріндегі балабақшалар, қызмет көрсету саласының нысандары (шаштараздар, сұлулық салондары, массаж орталықтары, қоғамдық моншалар және т.б.) шектеу шаралары қолданылған кезде өз қызметін тоқтатты. Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, донер, барлар) уақытша жұмыс істемейді. Онлайн-тапсырыстарға қызмет көрсетуге көшкендер мен жеткізу режимі – Бұл «Эльдорадо» және «Донер-Кебаб» дәмханалары. Шағын маркеттер, тұрғын үйлер жанындағы дүкендер, азық-түлік тауарларының нарығы, дербес ТҚС және авто жуу орындары, дәріханалар, банк бөлімшелері мен «Қазпошта» АҚ санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимде 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

- Іс-шараларды өткізуге бола ма?
- Бұқаралық, салтанатты, естелік және еске алу, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды.

- Ауыл тұрғындары қандай ережелерді ұстануы керек?
- Денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі бақылау (мүмкіндігінше мобильді қосымша көмегімен) сақталуы тиіс. Өзінде немесе отбасы мүшелері де вирусты инфекция белгілері болған, дене қызуы, ентігу немесе жөтелдің асқынған жағдайында тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерлеріне дереу хабарлауы керек.
Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың, кәмелетке толмағандардың ата-анасының қарауынсыз үйден шығуына, бір мезгілде 3-тен астам адамның топтасып жиналуына (бір отбасы мүшелерінен басқа) тыйым салынады. Тұрғындар қоғамдық орындарда бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр арақашықтық сақтап тұруы және медициналық маска тағып жүруі тиіс.

- Көкпекті ауылында шектеу шараларының ұзақтығы қандай?
- Олар Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанға дейін әрекет етеді. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

- Ақпарат үшін алғыс айтамыз!

Сұхбаттасқан
Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз