Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Келесі жылы енгізілетін медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек жайлы не білеміз? 2020 жылдың алғашқы күнінен бастап күшіне енетін бұл жүйе бойынша кім тегін медициналық көмек ала алады, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне не енеді? Қандай қызметтер тегін көрсетіледі?
Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне шұғыл медициналық көмекке жататындардың барлығы енеді:
- жедел жәрдем;
- санитарлы авиация;
- созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау;
- стационарды алмастыратын жедел көмек.
Бұлар барлық адамға қол жетімді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек бойынша барлық адам емханаға жүгініп, стационарда емделуге және тексерістен өтуге құқылы.
Мұның құрамына әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу де жатады:
- туберкулез;
- АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы);
- ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы);
- созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы;
- қатерлі ісік;


- қант диабеті;
- психика және мінез-құлық ауытқулары;
- церебралды сал ауруы;
- жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
- ревматизм; сарп (буын-буын мен бұлшықеттердің шаншып, сырқырап ауыруы);
- дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы;
- жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары;
- орфандық аурулар
Медициналық оңалту тек туберкулез ауруын жұқтырғандарға, ал паллиативтік көмек қажет науқастардың барлығына көрсетіледі.
Бұл ереже басқаларға қауіпті негізгі созылмалы инфекциялық емес және жедел инфекциялық ауруларға да қатысты:
- АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы);
- геморрагиялық қызба;
- дифтерия; күл (көбінесе балалардың жұқпалы тамақ ауруы);
- менингококтық жұқпа;
- полиомиелит (жұлын қабынуы);
- мерез;
- алапес
- безгек (инфекциялық қан ауруы)
- түйнеме;
- туляремия;
- туберкулез;
- тырысқақ (қауіпті, жұқпалы ауру);
- оба (жұқпалы ауру);
- іш сүзек
- жедел вирусты гепатит;
- психика және мінез-құлық ауытқулары.
Барлық азаматтар шұғыл медициналық көмекті, терапевт қабылдауы мен кеңесін ала алады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне салалы мамандардың қабылдауы кірмейді. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ науқастар салалы маманның қабылдауынан ақылы өтеді. Бұл тұрақты бақылау жүргізілмейтін созылмалы ауруларға да қатысты.
Науқастың қандай тегін медициналық көмекке жүгіне алатынын қайдан білуге болды?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті және кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында медициналық тегін қызмет туралы барлық ақпаратты өзіңіздің қаралатын жалпы практика дәрігерінен, медициналық сақтандыру Қорының ресми сайтынан, 1414 бірыңғай байланыс орталығынан немесе медициналық сақтандыру Қорының халықпен жұмыс департаментінен білуге болады.
Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларының қандай құқығы бар?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша диагностикалық-кеңесші көмегін, оның ішінде қымбат тұратын зертханалық қызметтерді; амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарлық және жоспарлы стационарлық көмек; медициналық оңалту және оңалтудың кеш кезеңінде қалпына келтіру емі көрсетіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында диагностикалы-кеңесші көмегіне мыналар жатады:
- жылына 1 мәрте 18 жасқа дейінгі балалар мен дені сау ересектерді профилактикалық мамандандырылған тексеру;
- стоматологиялық қызметтер (18 жасқа дейінгі балалар, жарымжан, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға);
- салалы мамандардың қабылдауы, кеңесі мен процедурасы; - қарқынды бақылауға жатпайтын созылмалы ауруға шалдыққан науқастардың салалы мамандарға қаралуы;
- зертханалық тексеру, оның ішінде қымбат қызметтер.
Медициналық сақтандыру Қорына кім ақша салуы қажет?
Қазіргі таңда жарнаны медициналық сақтандыру Қорына жұмыс берушілер төлейді. Жарна жалақының 1,5% құрайды. 2020 жылы бұл сома 2%-ке дейін өседі. Келер жылдан бас-тап қызметкерлердің өзі кірістің 1% төлеуге міндеттеледі. Азаматтардың 15 санаты үшін мемлекет Қорға қаржы аударады.
Оларға:
- балалар;
- ресми тіркелген жұмысы жоқтар;
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
- үш жасқа дейін баланы бағып-қағатын, уақытша жұмыс істемейтін баланың заңды өкілінің бірі;
- жаңа туған сәбиді асырап алушылар; жүктілікке және босануға байланысты, үш жасқа дейін баланы бағып-қағу үшін демалыс алған заңды өкілдің бірі;
- мүгедек баланы бағып-қағу үшін жұмыс істемейтіндер;
- сәби кезден бірінші топтағы мүгедек баланы бағып-қағу үшін жұмыс істемейтіндер;
- зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
- қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан және сотталғандар;
- тергеу изоляторындағылар мен тұтқындар;
- жұмыс істемейтін оралмандар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе "Батыр ана" марапатымен, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар;
- мүгедектер; - орта, техникалық және кәсіпқой, жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитындар, сондай-ақ ЖОО-дан кейінгі білім алушылар;
- жұмыссыз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жатады.
Жекеменшік клиникаларға қаралуға бола ма?
Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру пакеті және кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында мемлекеттік ауруханалармен қатар жекеменшік клиникада қаралуға болады. Бұл үшін жекеменшік клиниканың медициналық сақтандыру Қорымен келісімшарты болғаны жеткілікті. 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 1416 медициналық мекеме, оның ішінде 708 жекеменшік клиника медициналық көмек көрсетеді.
Қазақстанға медициналық сақтандыру жүйесін не үшін енгізіп жатыр?
Басты себеп – денсаулық сақтау саласындағы тұрақты жете қаржыландырмау. Қазіргі кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі ең аз "тұтыну қоржынын" құрайды. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қағидасы – бюджеттік қаржымен қатар қазақстандықтардың жарнасын пайдалану.


Massaget.kz

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз