Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мариногорка ауылдық округінде мәдениет үйінің меңгерушісі және ауыл кітапханашысының ұйымдастыруымен «Нұр –Сұлтан, Саған арнадым» атты әкімшілік алдындағы тас жолға сурет салудан кішкентай бүлдіршіндер арасында іс-шара өтті. Іс-шарада кішкентай бүлдіршіндер әсем қала Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерін бейнелеп салды. Іс-шараның мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы мәлімет беру. Елорда туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының орталығы Нұр-Сұлтан қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Балалар әр түрлі борлармен «Нұр-Сұлтан», «Қазақстан» деп жазып, желбіреген көк ту, бәйтерек, әсем гүлдерді салып, тамашалаушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Қатысқан барлық кішкентай бүлдіршіндерге мадақтама қағазымен тәтілер таратылды.

Мариногорка ауылдық округінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз