Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәуірдің 24-30 күндері аралығында елімізде иммунизация апталығы өтті. Осыған орай ағымдағы жылдың, 28 сәуір күні Көкпекті ауданының орталық ауруханасында бүкіләлемдік иммунизация апталығы аясында «Екпе егу! Баланың қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығында» атты конференция өтті.
Жиынға аудандағы денсаулық сақтау саласы мамандары мен мекеме ұйымдары қа-тысты. Шараның бас-ты мақсаты – халықтың вакцина мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру болып отыр. Себебі, кейбір ата-ана діни көзқарасы бойынша екпе алуды қажет деп таппайды.
Елді елеңдетіп отыр-ған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық сақтау қызметкерлері болса, баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды.


Конференцияда алғашқы сөз алған салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің меңгерушісі О.Дериглазова, Көкпекті ауданында профилактикалық егулер бойынша алдын ала жүргізілетін екпелер, иммундаудың маңызы, Қазақстан Республикасындағы екпелердің ұлттық күнтізбесі, екпелер, қандай аурулардан қорғайды, оның тарихы туралы мәліметтер берді.
Сондай-ақ, жиында сөз алған инфекционист-дәрігер М.Тойшыбаева «Иммундық профилактика мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Көкпекті аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Г.Нығметжанова «2017-2018 жж Көкпекті ауданы бойынша екпе егу статистикасы», емхананың №1 бөлімшесінің ЖТД Ж.Сүлейменова және бала дәрігері Н.Нұрқасымова «Емханадағы иммунизация жағдайы жөніндегі ақпараттық анықтама» тақырыбында баяндама жасады. Жиын соңы пікір алмасуға ұласып, қатысушыларға екпе алудың маңыздылығы жөнінде көптеген ақпараттар берілді.
Ал, жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Көкпекті аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г. Абдрасулова:
- Вакцинация мәселесіне келгенде халықтың арасында ағарту, түсіндіру жұмысын жүргізу аса қажет. Бұл жұмыс жүйелі түрде өткені абзал. Жалған ақпараттардың арқасында, жастардың екпеден бас тартып жататынын көреміз. Түсіндіру жұмыстарына шақырғанда, келмейтін ата-аналар да көп. Аз адам болса да, вакцинациялаудың пайдасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Сонда ғана екпеге қарсы адамдардың санын төмендете аламыз,- деді. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі Е.Ниязбаевта жарыс сөзге шығып өз ойын ортаға салды.
– Ата-аналардың көпшілігі интернеттегі кейбір ақпараттарға сүйеніп, екпенің пайдасынан гөрі зиянын ойлап тұрады. Ол ақпараттардың барлығын бірдей шындық деп қабылдауға болмайды. Бұрыс деректер көп тарағандықтан, ата-ана көбіне соған сүйенеді. Ол дұрыс шешім емес. Халықпен тығыз жұмыс істеп, насихаттаудың жаңа жолдарын ойластырған абзал!, - деді Ерлан Қизатолллаұлы.
Екпе егуде дін саласынан қарсылық білдіріп жатқандарға өз ойын орталық мешіттің бас имамы Нұрнәсәр Дүйсен да айтты.
- Екпе егу Пайғамбарымыз (саллалллаһу ғалайһи уа сәлләм) дәуірінде болмағаны анық. Сол үшін де тікелей «екпе егуге болады немесе болмайды» деген хадис кездестіре алмаймыз. Олай болса, бұл мәселе шариғат негіздері мен нормаларына қайшы ма деген тұрғыдан қарастырылуы қажет. Екпеге діни негізде қарсылық білдірушілер де осы тұрғыдан харамға шығаруға тырысады. Олар «әлі келмеген, келуі күмәнді болған аурудан қорқып екпе егу – Алланың тағдырына қарсы шығу, болашақты болжау. Бұлай істеу - харам» дегенді алға тартады. Әлі болмаған пәленің алдын алдын алу дінге қайшы емес. Керісінше асыл дініміз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидатты мұсылмандарға үйретеді. Оған пайғамбарымыздың: «Кімде-кім таңертең (Медине қаласының) әжуа құрмасынан жеті данасын жейтін болса, сол күні оған сиқырдың және удың зияны жетпейді» деген хадисі дәлел болады. Бұл хадисті екпе егудің дінге қайшы еместігіне дәлел ретінде шейх ибн Баздың өзі де келтіреді. Ол кісі елімізде көпшілік ерушілері екпе егуге қарсы болған сәләфия ағымының бетке тұтар шейхтарының бірі екендігі мәлім. Сондай-ақ, жеті құрма жеу болашақты болжау болмағандай, екпе егу де болашақты болжау емес. Жаңбыр жауса қолданамын деген ниетпен қол шатыр сатып алған адамды ешкім «харам істедің, тағдырға қарсы шықтың, тәуекел етпедің» дей алмас.
Екпеге қатысты теріс пікір бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ оған әлі нүкте қойылған жоқ. Мемлекет екпе егуге деген насихаттық жұмысын әлі де жалғастыруда. Өйткені халық денсаулығы – ұлт байлығы. Ал халық өз денсаулығына салғырттық танытпауы қажет. Сонда ғана дені сау ұрпақ қалыптасады.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз