Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін екпе жасау тиімді әдіс болып табылады. 70-жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен нағыз шешекке қарсы екпе жасау әлем бойынша шешектің толығымен жойылуына әкелді. Қазіргі уақытта Европа аумағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты жұқпалы ауру түрі жойылды. Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды. 1998 жылдан бастап вирусты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан бастап гемофильді-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді.

Дифтерия, көкжөтел, сіреспе ауруларын күрт азайту туралы мәселе тұр. Бұл ауруларды жою немесе ең төменгі көрсеткішке дейін жеткізу тек тиімділігі жоғары вакциналармен алдын-ала екпе жасау арқылы ғана мүмкін. Ересектер мен балаларды дифтерия ауруына қарсы жаппай егу тұрғындар арасында жоғары деңгейде иммунитет қалыптастырды. Аталған аурушаңдықтың болмауы ата-аналарды алаңдатпағандықтан, кейбір жағдайларда ата-аналар екпе алудан бас тартады. Алайда полиомиелит вирустары әрдайым қоршаған ортада айналымда жүретіндіктен егілмеген адамдар кез-келген уақытта ауырып қалады. Ағымдағы жылы Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер енгізіліп, әлсіздендірілген және реактогенділігі аз аралас (комбинирленген) вакциналар енгізілді. Оның артықшылығы инъекциялар саны, балалар травматизмі азаяды және постинъекциялық асқынулар даму қаупі төмендейді. Қазақстан Респуликасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация алу міндетті болып табылады және ақысыз жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация әрбір адамға қолжетімді, оның ішінде басқа елден келгендер үшін де. Аталған Кодекстің 156-бабында «Қазақстан Рес-публикасы аумағында жүрген барлық жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде жұқпалы және паразитарлы ауруларға қарсы алдын-ала екпелерді алуға міндетті» деп көрсетілген. Сәйкесінше, ата-аналардың балалар иммунизациясынан бас тартуы баланың өмірге және денсаулыққа деген құқығын бұзушылық болып табылады. Екпелер дәрігер қарауынан кейін, медициналық қарсы көрсеткіштерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар, өз бала-ларыңызға уақытында екпе жасатудан бас тартпай, өздеріңіз де егіліңіздер. Қайғыға соқтыратын жұқпалы аурулардан тек алдын-ал жасалған екпелер ғана қорғай алады.

Ш.Игембаева,
Үлгілімалшы ауылының
ДА жалпы тәжірибелі дәрігері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз