Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылындағы медико-әлеуемттік мекемеде қызмет алушылар арасында тылда еңбек еткендер де бар. Олардың саны бүгінгі күні-28. Қарттар үйінде 5 соғыс ардагері болған. Марқұм болған оларды бүгінгі салтанатты жиында еске алды. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған жиында тыл ардагерлерін директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Г.Канин, селолық округ әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова құттықтады. Шоқ гүлдер мен сыйлықтар табысталып, тыл майдангерлеріне құрмет көрсетілді.

 

Жиын соңы МӘМ көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. «Нан туралы баллада», «Бейбітшілік сақталады» әндері орындалды. Қызмет алушы В.Пичугин орындаған «Темная ночь» әніне барлығы да қосылып отырды. Ал М.Мұқатаев орындаған «Кекті бала» поэмасынан үзінді адамдардың көзіне жас алғызды.

Енді соғыс болмасын, ұрпақтарымыз ашық аспан астында өмір сүрсін, біз көрген тағдыр тауқыметін оларға бермесін деп тіледі интернат тұрғындары.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз