Көкпекті ауылындағы тұрғындар көптен күткен жол жөндеу жұмыстары бас-талды. Бұл - өңірдің транзиттік қатынасын жақсартып, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадам.
Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлының айтуынша, наурыз айында Омбы-Майқапшағай бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың Қалбатау–Көкпекті учаскесінде жол құрылысын жүргізіп жатқан «Синь-Син» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілген. Сол кезде ұзақ жылдан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген Көкпекті ауылындағы Саяхимов көшесінің жолын жөндеу мәселесі көтерілген болатын.
Себебі бұл көше республикалық жол торабына кіретіндіктен, оны жөндеу ауданның құзырында емес. Дегенмен, компания сәуір айында жөндеу жұмыстарын бастап, маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлайтынын мәлімдеген.
Бүгінде құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Саяхимов көшесіне асфальт төселуде. Бұл жол Ақсуат, Тарбағатай, Зайсан, Самар және Күршім бағыттарына қатынайтын көліктер үшін маңызды транзиттік бағыт саналады. Сонымен қатар Көкпекті аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл халқы Саяхимов көшесінің екі жағына жағалай шырша көшеттерін егіп, ауыл сәнін көркейтуде өлшеусіз үлес қосты. Енді ол көшеттердің биік ағаш болып өскені болашақ ұрпақ үшін аса пайдалы болмақ.
Аудан басшысы жол бойындағы құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. «Келешек үшін атқарылып жатқан бұл істің ортақ игілік екенін естен шығармайық»,-деді Әділет Нұрсағатұлы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.