Семейдегі Абай театрында облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдің алдағы жылдардағы дамуына арналған жиын өтті. Оған аймақтың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік, бизнес саласының өкілдері, депутаттар, құқық қорғау органдарының жетекшілері, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Маңызды шара облыстың барлық аудандарында ютуб желісі арқылы көрсетілді.
Аймақ басшысы жиынды ашқан сөзінде Президенттің облысты құру туралы шешімі шын мәнінде тарихи әділдіктің салтанат құруы екенін атап өтті.
«Облыс құрылған сәттен бастап өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Өздеріңізге белгілі, биыл біз Абай Құнанбайұлының 180 жылдық іс-шарасын атап өтеміз. Үкімет бұл бағыттағы көптеген жұмыстарды қолға алып жатыр. Іс-шараға дайындықты қазірден бастадық, жоғары деңгейде өткізуге атсалысу облысымыздың әрбір тұрғынының міндеті деп білемін»,- деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыс әкімі ретінде қызметке кіріскен үш ай уақыт аралығында өңірдің барлық аудан, қалаларын, бұрын аудан орталықтары болған Шар қаласында, Баршатас, Таскескен және Қайнар ауылдарында, жалпы саны 68 елді мекенде болып, тұрғындардың тыныс тіршілігімен, өзекті мәселелерімен танысты.
«Біз облыстың транзиттік әлеуетін және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, алдағы үш жылға даму жоспарын айқындап, дамудың негізгі бағыттарын белгіледік. Өңірдің өндірістік, ет, сүт кластерін құру мен суармалы егіншілік әлеуетін арттыруға, ішкі туризмді, әлеуметтік саланы дамытуға, жол және инфрақұрылым жүйелерін жаңартуға басымдық беріледі»,- деді облыс әкімі.
018.kz
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.