Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 шілде күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жұмыс сапарымен Теректі және Шұғылбай ауылдық округтеріне барды. Аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Кездесулерде болашақ жоспарлар да тілге тиек етілді. Ауыл халқының өтініш-тілектері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.   

Аудан әкімі арнайы ат басын бұрған ауылдарда биылғы жылы ауқымды жобалар атқарылып жатқанын айта кеткен абзал. Теректі ауылында ішкі көше жолдарына құм-тас төселуде. Келесі жылы 4 көшеге асфальт салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Ал Шұғылбай ауылында көптен күткен таза ауыз су мәселесі шешімін табуда. Бүгінгі күні су құбыры желілерінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің үлкен-кіші деп қарамай, әрбір ауылға ерекше көңіл бөліп, түйінді мәселелерді жүйелі шешу мақсатында атқарып жатқан жұмысының нәтижесінде ауылдар ажарланып келеді.

 

Теректінің түтіні түзу
Көкпекті ауданындағы тірлігі түзу, бірлігі бекем ауылдың бірі де бірегейі – Теректі. Аудан орталығымен қатынайтын асфальт жолы тақтайдай тегіс. Таза ауыз су әрбір үйде бұлақтай ағып тұр. Ауыл әкімдігі мен білім ордасы тұрақты жұмысын атқаруда. Балабақша бүлдіршіндердің сүйікті ордасы. Денсаулық сақтау мекемесі де халыққа қызметін көрсетуде. Енді бір кезегін күткен мәселе – ауылдың ішкі жолдары. Негізгі 4 көшеден тұратын ауыл жолдарын асфальттау мәселесі келесі 2024 жылы шешімін таппақ. Биылдың өзінде ауыл жолдарын түзетіп, қиыршық құм-тас төсеу жұмыстары басталып кеткен.
- Теректі ауылының ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бюджеттен 9 миллион 782 мың теңге қаражат бөлінді. Көше жолдарының 7 шақырымы қамтылады. Жұмысты Семей қаласынан «"AGroup-J"» ЖШС мердігер ұйымы 20 шілдеде бастады. Жоспар бо-йынша тамыз айында толық аяқтайды, - дейді ауылдық округ әкімі Талғат Шаймарданов.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бірқатар ескертулер айтып, ауыл әкіміне көше қиылыстарын дұрыстап, жұмыстың сапалы атқарылуына қатаң бақылау орнатуды тапсырды. Сондай-ақ биылғы жылы Теректі ауылының көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату үшін аудандық бюджеттен 9 миллион 400 мың теңге қаражат бөлінді. Ауыл әкімінің мәліметі бойынша жұмыстар тамыз айында аяқталып, нәтижесінде Теректі ауылының көшелері түнгі жарықтандырумен толық қамтылатын болады.
Кездесуге келген ауыл тұрғындарына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен ауқымды жобалар туралы ақпарат берді.
- Ауылдарды сақтап, дамыту үшін халыққа негізгі 6 мәселені шешіп беруді алдымызға міндет қылып отырмыз. Олар – жол, ауыз су, мектеп, балабақша, медициналық қызмет және жарықтандыру. Осы аталған 6 мәселені түбегейлі шешетін болсақ халықты тұрақтандыруға болады. Биылғы жылдың өзінде Көкпекті ауданы бойынша 28 шақырым жолға асфальт салынады. Жүйелі жұмыс жалғастырып, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту бағытында еңбектенетін боламыз. Алдағы 3 жылда Көкпекті ауданы қарқынды даму динамикасын ұстанады, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Тұрғындар тарапынан жер алу мәселесіне қатысты сұрақтар көтерілді. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі өтініш иесін жеке қабылдап, тиісті сала басшыларымен бірлесіп талқылайтын болды.

Шұғылбайдың шырайы арта түсті
Шалғайдағы Шұғылбай ауылының шырайы күн санап артып келеді. Биылдың өзінде Шұғылбай ауылын дамытуға бағытталған бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні ауыл тынысы кеңейіп, күн өткен сайын оң өзгерістерімен қуантуда. Еңбектеген баладан еңкейген қариясына дейін еңбек пен білімге, жаңашылдыққа жаны құмар. Соның арқасында жас өрендер айтулы додалардан жүлделі оралып, шаруа адамдары кәсіптерін дөңгелетіп отыр.
Ұзақ жылдар бойы ауыл халқы үшін ең басты мәселе болып келген Теректі-Шұғылбай автокөлік жолына асфальт төселді. Ауыл тарихында тұңғыш рет асфальт төсеу жұмыстары былтырғы жылы 8 шақырымы жасалып, биыл қалған 7 шақырым жөнделді. Осы айда 15 шақырым жолға асфальт төсеу жұмысы толық аяқталды. Мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС атқарған жұмысына жергілікті халық дән риза.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Шұғылбай ауылына жұмыс сапарын су құбыры желілері құрылысының барысымен танысудан бастады. Шұғылбай ауылын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба құны 485 миллион теңге. Мердігер ұйым Қарағанды қаласынан «Лайф Строй Инвест» ЖШС.
- Су құбырлары желісінің құрылысын мердігер ұйым маусым айының соңында бастады. Бүгінгі күні 8 шақырым магистралдық құбырлар салынды. Барлығы магистрал құбырлары ұзындығы 13,7 шақырым. Жос-пар бойынша мердігер ұйым қазан айында жұмысты толық аяқтауға міндетті. Қоғамдық бақылау орнатылды. Күнделікті жұмыс сапасын қадағалап отырмыз, - деді ауылдық округ әкімі Ержан Күзембаев.
Аудан әкімі мердігер ұйым өкіліне жұмыс қарқынын арттыру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ ауыл әкіміне бақылауды күшейтіп, сапалы орындалуын қадағалауды міндеттеді.
Тұрғындармен кездесуде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Түнгі жарықтандыру бойынша қойылған сұраққа аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев биылғы жылы мәселе толық шешімін табатынын айтты. Аудандық бюджеттен бұл мақсатта миллион теңге қаражат бөлінді. Ауыл ішінде 38 жарық бағаны орнатылып, 65 шам электр қуатын үнемдеу үшін ауыстырылады. Басқа да сұрақтар мен тілектерге толық жауап берілді. Ауыл тұрғындары аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевқа Шұғылбай ауылына ерекше көңіл бөліп, дамыту бағытында жасап жатқан еңбегі үшін алғыстарын жеткізді.
Кездесуден соң аудан басшысы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің жағдайымен танысты. Биылғы жылы Абай облысының бюджетінен қаражат бөлініп, мектеп ғимаратының шатыры ағымдағы жөндеуден өткізілді. Мектептің жағдайымен таныса келе, мектептің тозған тұстары да байқалды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаевқа мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындау туралы тапсырма берілді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз