Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Балалар жылы» аясында Абай облысын биік тұғырдан көрсеткен оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында жыл көлемінде жетістікке жеткен  дарынды да талантты балалармен кездесті. 

Кездесуге халықаралық, республикалық интеллектуалдық олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанған 50 оқушы қатысты. Аймақ басшысының дарынды оқушылармен кездесуі Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында болды.


Біздің ауданнан Көкпекті орта мектебінің оқушылары Эльдар Ермеков, Бекжан Жексенбеков және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінен Айқын Адамов қатысып қайтты.
Түрлі спорттық додаларда топ жарып жүрген жас спортшы Эльдар Ринатұлы NOMAD MMA спорт түрі бойынша облыстық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Ол болашақта өзінің тәлімгері Руслан Нұрланұлы сияқты ауданымыздың спорттағы жетістігін асқақтатқысы келеді.
Аудан мақтанышы Бекжан Жексенбеков президенттік олимпиаданың І орын иегері, облыстық олимпиада конкурстарының жеңімпазы. Білім мен ғылымды қатар алып жүрген дарынды жастың жетекшісі Көкпекті орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз Тоты Мазыбаева.
Айқын Адамов «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумынан I және ІІ орын, облыстық «SKILLS FOR GEEKS» онлайн чемпионатының «3D Модельдеу 14+» жас ерекшелігі бойынша «ROBOTTIME» облыстық IТ чемпионаты ІІІ орын, президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын, Республикалық ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінде ІІІ орын иегері.
Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы кездесу қатысушыларына арналған сөзінде барлығын жоғары жетістіктерімен құттықтады. Оқушыларға өз елінің патриоты болуға тілек білдірді. Кездесу барысында облыс әкімі дарынды балаларға бағалы сыйлық сертификатын табысды.
Іс-шара соңында еркін форматта әңгіме өрбітті, оның барысында оқушылар өңір басшысына қол жеткізілген жетістіктерін, болашаққа жоспарлары туралы айтып, қызықты сұрақтар қойды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз