Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылында шағын орталық ашылды. Пушкин атындағы орта мектеп жанынан жұмысын бастаған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылуы Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Игілікті шараға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы қатысып, ауыл халқының қуанышын бөлісті.

 

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай Ақой ауылына арнайы келген аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы мектеп жанынан шағын орталық ашу жұмысын ұйымдастыру туралы ауылдық округ әкімі Қайрат Ақметқалиев пен мектеп директоры Ринат Қажиақперовқа тапсырма берген болатын. Тапсырма беріп қана қоймай, осы уақыт аралығында жүзеге асырылу барысы аудан басшысының үнемі бақылауында болды. Ашылу салтанатына аудандағы білім беретін барлық мектеп директорлары, ауылдық округ әкімдері арнайы шақырылды. Бұл шағын орталық - Көкпекті ауданының көлемінде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бағытында атқарылатын ауқымды жұмыстардың бастамасы және жарқын үлгісі. Келесі кезекте аудан басшысының тапсырмасы бойынша Мамай және Теректі ауылдарында шағын орталық ашу үшін мақсатты жұмыс жүргізілуде.
Салтанат шымылдығы мектеп оқушылары дайындаған концертпен ашылып, жаңадан ашылған шағын орталыққа қабылданып, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтты, би биледі, өлең оқыды. Бұл күні шағын орталық табалдырығын 16 бала аттады.
«Әйгөлек» атанған шағын орталықтың ашылуында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мектепке дейінгі білім берумен қамту бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан игілікті шараларға тоқтала келіп, ашылған мұндай орталықтар кішкентай бүлдіршіндерге қызмет ететіндігін айтты. Еліміздің болашағы - балалардың жақсы тәрбие алып, нағыз азамат болып ер жетулерінде мектепке дейінгі мекеменің алатын орнын ерекше атап өтті.
Орталықтың ашылуына демеушілік көмек көрсеткен жерлестер де назардан тыс қалмады. Индира Дүйсембаева, Марат Садықов, Болат Садықов, Марат Қойбағаров және Мейрамхан Оспанбаев сынды қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкерлерге аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Сондай-ақ Болат Жармұхамбетов, Ерасыл Құнапиянов, Серік Жолдас-паев, Дидар Сайфутдинов сынды азаматтар, ауылдың көкпаршылары, мектептің 90-жылғы түлектері, мектеп ұжымы шағын орталықтың ашылуына айрықша үлес қосқан.
Ауылдың алтын құрсақты аналары Райса Күшікпаева мен Жұман Жолдасбаева жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, салтанатты жағдайда лента қию рәсімін жасады. Ақ жаулықты әжелер Гүлзат Жеткенова, Рысжан Неспаева, Алия Назарбаева, Сәмиға Қайырбаева қуанышқа шашу шашып, балаларға арналған ойыншық жиынтығын сыйлады.
Мектеп директоры Ринат Араратұлының сәтті ұйымдастыруымен ашылған шағын орталық заман талабына сай жабдықталған. Мұнда 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің жақсы тәрбие алуларына барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге шағын орталық қызметкерлеріне 5 бірлік жұмыс орны ашылғанын да айта кеткен абзал.
Ұлық мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында үлкен қуанышқа кенелген ақойлық ата-аналар аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев пен мектеп директоры Ринат Араратұлына алғыстарын айтып, барлық тұрғындар атынан ризашылықтарын білдірді. Бәрінен бұрын ауылда мұндай мекеменің ашылғанына үйде отырған бүлдіршіндердің ата-аналары риза болғаны айдан анық.
- Бұл жаңалықты естігенде қуанғанымыз жасырын емес. Немеремізді осы күнге дейін үйде өзіміз тәрбиелеп келдік. Дегенмен шағын орталықтағы білім мен тәрбиенің жөні бөлек екені бәрімізге белгілі. Бізге осындай қуаныш сыйлаған аудан басшысына аналық алғысымыз шексіз. Балалардың толық күнді шағын орталыққа баруы жас ата-аналарға жұмысқа шығып, кәсіп істеуге де зор мүмкіндік беріп отыр, - дейді «алтын алқалы» әже Жұман Жолдасбаева.
Ақой ауылының Пушкин атындағы орта мектебінің іргетасы өткен ғасырдың 30 жылдарында қаланған. 2012 жылы 80 балаға арналған жаңа ғимарат бой көтеріп, бүгінгі күні мектепте 74 оқушы білім алуда.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз