Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық ардагерлер кеңесі дабыл қағуда. Ардагерлерді аудан орталығында орын алған бұзақылық оқиғасы, «жабайы вандализм» қатты алаңдатып отыр. Белгісіз біреулер Ауған соғысында қаза тапқан көкпектілік жауынгерлер рухына арналған ескерткішті қиратып кеткен. Ескерткішке биыл ғана бюджет қаражаты есебінен қойылған «Ер есімі – ел есінде» жазуы толық сындырылған.

 

Ауғанстан аумағында интернационалдық жауынгерлік борышын өтеп, жат жерде қаза тапқан сарбаздар ескерткіші алғашында аудан орталығының «Заречка» аумағында орналасқан болатын. Аудан басшысының шешімімен 2020 жылы ол халық арасында «Дорожник» аталып кеткен стадионға көшірілді. Осыған орай өзен жағасындағы әсем орында орналасқан стадионда ауқымды жөндеу жұмыстары да атқарылды.
Жаңадан футбол алаңы салынып, жасанды жабу төселді. Көрермендерге арнап орындықтар, ыстық күн мен жауын-шашыннан қорғайтын қалқа орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселіп, қоршауы жаңартылды. Қайта жөндеуден өткен стадион төріне «Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым» ескерткіші қойылып, кешен «Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңы» деп қайта аталды. Жаңартылған спорт алаңында күнделікті балалар ойын ойнап, футболшылар жаттығу жүргізеді. Жарыстар да жиі өткізіліп жүр.
- Бұл бұзақылықты тоқтату керек. Қаза болған жауынгерлер рухына тағзым белгісі ретінде орнатылған ескерткіш тақтаны қирату «жабайы вандализм» деп ойлаймын. Естіген елден, көрген сырт көзден ұят болады. Бірінші кезекте Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан ержүрек жерлестеріміздің рухына құрмет көрсету парыз. Бүгінгі өскелең ұрпақ осыны түсінсе екен дейміз. Қоғамдық орындардағы нысандарды сындырып, қиратып, жарамсыз етіп жүрген осы ауылдың адамдары. Шеттен келіп ешкім де істемейді. Жас жеткіншектердің ісі. Себебі үлкен азаматтар, ақылы бар жастар мұндайға бармайды. Ата-аналар отбасындағы тәрбиеге мән берсе екен. Ел игілігі үшін жасалған жұмыс жоққа шығарылып жатыр. Бұл біздің туған ауылымыз, ағайындар, - дейді Сләмбек Насырбайұлы.
Оқиға орнына жиналған ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Серік Байсенгіров, учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Бишуақов бұзақылық жағдайды тіркеп, жауапты тұлғаларды полициямен іздестіруге шешім қабылдады. Бұзақылық фактісі бойынша заң бұзушылар жауапқа тартылатын болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз