Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 Маусым 2022

КӨКПЕКТІНІҢ ҮЗДІК ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Көкпекті спортының жаңа буыны – жас чемпиондар өсіп келеді. Жыл бойы жарқын жеңістерімен аудан халқын қуантып келген ең үздік спортшылар Көкпекті балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты марапаттау шарасында бас қосты. Спорт мектебінің директоры Аслан Таныспаев және белгілі бапкер Бақыт Рахимов ұйымдастарған жылды қорытындылау салтанатына әр спорт түрінің ең үздік өкілдері қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның, киелі Көкпекті ауданының абыройын байрақты бәсекелерде көтеріп, жоғары нәтижелермен көзге түскен спортшыларды марапаттау рәсімі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Үздік спортшыларды анықтауда олардың биылғы қол жеткізген жетістіктері ескерілген екен. Біздің спортшылар үшін биылғы маусым өте күрделі, әрі жауапты сындарға толы болды. Қашан да жеңіспен оралатын таэквондошылар, құрыш білекті балуандар, шойын жұдырықты жекпе-жек шеберлері, епті желаяқтар, ала доп шеберлерінің биылғы жетістіктері мол.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің сахнасында үздік жас спортшыларды аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов марапаттап, алдағы спорттық жолдарында тек жеңіс тіледі. Ауылдық округ әкімдері де марапаттау рәсіміне атсалысып, мәдениет үйінің өнерпаздары жеңімпаздар құрметіне ән-жырдан шашу шашты.
Ұлттық сана, ұлттық рухты көтеретін бір сала ол - спорт. Жерлестеріміз талай дүбірлі жарыстарда көк байрақты аспанда желбіретті. Бұл күні үздік спортшылар мен бапкерлерге қошемет көрсетілді. Ал аудандағы спорт саласының дамуына өзіндік үлесі бар тұрақты демеушілер де ескерусіз қалмады.
Таэквандо спортын Көкпекті ауданында дамытуға қомақты үлес қосып, тұрақты түрде қаржылай демеушілік көмек көрсетіп жүрген жомарт жүрек азаматтарға құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Олардың қатарында Самархан Жотабаев, Есенбек Мәмбетов, Ришат Құдайбергенов, Болде Евгений, Лопаткин Михаил, Рахметова Бақыт, Федосов Александр, Солтабаев Ринат, Виничук Владимир, Виничук Юрий, Амренов Ринат, Баймолдин Қайрат, Сыдықов Қанат, Дюсюпов Ержан есімдері құрметпен аталды.
Сондай-ақ, жекпе-жек спортын дамытуға зор үлес қосқан демеушілер марапатталды. Олар Чингиз Шалбаев, Жәлел Байназаров, Жасұлан Орманбеков, Заңғар Сериков, Адильжан Бекбердинов және Айдын Ибраимов.
Армрестлинг спортын дамытуға үлес қосқан Райхан Фахрутдинова және Рауфа Беспаева есімді жомарт жерлестеріміз де назардан тыс қалмады. Спортты жанына серік еткен жастарды қолдап жүрген жерлестерге «Алғыс хат» табысталды. Сонымен бірге қазақ күресін дамытуға зор үлес қосқан Маутқазинов Дулат алғыс хатқа ие болды.

МАРАПАТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖАС СПОРТШЫЛАР

Таэквондо спортының үздіктері
Жаттықтырушы Рахимов Бақыт Ғазизұлы

1. Бексұлтан Маратов, әлем чемпионатының және Әлем кубогының жеңімпазы,
2. Бауыржанов Ерасыл, халықаралық жарыстардың және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері,
3. Жуманов Тимур, халықаралық жарыстардың және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері,
4. Жексенбеков Бекжан, халықаралық жарыстардың және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері,
5. Бойков Анатолий, ҚР спорт шеберіне үміткер, Азия чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық жарыстардың және Қазақстан Респубикасы чемпионатының жеңімпазы,
6. Смагулов Жасулан, әлем кубогының қатысушысы, халықаралық чемпионат жүлдегері және ҚР чемпионатының жеңімпазы,
7. Газизова Динара, халықаралық чемпионат жүлдегері және ҚР чемпионатының жеңімпазы және облыс чемпионатының жеңімпазы,
8. Бекбердинова Дария,
9. Виничук Владислав,
10.Тойкин Нурали,
11. Едиг Данила,
12. Жабаев Ералы,
13. Назарбеков Ерназар,
14. Алтынбеков Арнұр,
15. Жанузаков Нурали,
16. Калелов Асанали,
17. Ордаканов Мансур,
18. Ордаканова Даяна,
19. Адильбеков Арнұр,
20. Искакова Мәлике,
21. Нугыбаева Амина,
22. Ермеков Ералы,
23. Рахматулин Даниэль,
24. Даулетхан Нұртас,
25. Балабек Айсұлтан,
26. Бауржанов Темирлан,
27. Жексенбеков Елдос,
28. Молдабеков Ералы,
29. Ибрагимов Адам.


Волейбол спортының үздіктері
Жаттықтырушы Нұрмухамбетов Алтай Мақсұтұлы және Оспанов Дәурен Сансызбайұлы

1. Өнербекқызы Нұрай, ҚР спорт шеберіне үміткер, Азия клубтар чемпионатының жүлдегері, ҚР чемпионы және 2006 жылғы туған қыздар арасында Қазақстан чемпионатының «Үздік ойыншысы», облыс чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы,
2. Қанапьянова Ардақ,
3. Смаилова Томирис,
4. Борамбаева Гүлім,
5. Туребаева Гүлназ,
6. Еркінқызы Гүлден,
5. Акаева Аяжан,
6. Тауфикқызы Аяулым,
7. Әділбекова Алуа,
8. Еженхан Еркежан,
9. Болатбекова Жанерке,
10. Амангельдинова Мөлдір,
11. Калибекова Жанель.

«Жекпе-жек» спортының үздіктері
Жаттықтырушы Жунусов
Руслан Нұрланұлы

1. Ермеков Эльдар,
2. Галиев Динияр,
3. Алтынбеков Қайрат,
4. Алтынбеков Алишер,
5. Алтынбеков Рустем,
6. Кара Дарья,
7. Орманбеков Ұлан,
8. Салимов Арнұр,
9. Ермеков Али,
10. Жандарбеков Айсұлтан,
11. Төлегенов Акежан,
12. Айдаргазин Ильяс,
13. Түсіпбеков Мәди,
14. Зейтенов Нұрали.

Қазақ күресінің үздіктері
Жаттықтырушы Мұсағазинов Дәлел Камелұлы

1. Махабатова Дильназ,
2. Әділханов Досжан.

Армрестлинг спортының үздіктері
Жаттықтырушы Рахимов
Бекбулат Ешмухаметұлы

1.Ушакова Виктория,
2. Ушакова Анжела,
3.Гайфулина Малика,
4.Ферлей Анастасия,
5. Муратова Дильназ.

Жеңіл атлетика үздіктері
Жаттықтырушылар Растрига Борис Васильевич және
Қабаев Санжар Кайырлыұлы

1. Ерланұлы Темірлан,
2. Нұржанұлы Әрсен,
3. Әділханов Әділжан,
4. Оралгазин Али,
5. Жұмабаев Ерсін,
6. Ергалиев Нұрасыл,
7. Гоферт Кирилл,
8. Болтовский Данил.

Дзюдо спортының үздіктері
Жаттықтырушы Артықбаев Әділжан

1. Сейтаханов Нұрасыл,
2. Құралбеков Руфат,
3. Даукенов Арсен.

Read more

Аудан орталығы күн санап көркеюде

Көкпекті ауданы әрдайым өзін-өзі қамтамасыз ететін, жігерлі және өршіл аймақ. Мұнда бастамашыл, жауапты және еңбекқор адамдар тұрады. Бірақ ,бұл "алтын Қайықтың" "басы" аудан орталығы – Көкпекті ауылы.
Ауданның ауылдық округтерін аралай отырып, аудандық газеттің тілшілері оның орталығы – Көкпекті ауылдық округін, атап айтқанда Көкпекті ауылын назардан тыс қалдыра алмады. Округ басшысы Қайрат Алғазинұлы Алғазиновпен бірге біз ауылдық округтің дамуының ең өзекті аспектілерін талқыладық.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ
Кез келген аумақты абаттандыру адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Таза көшелер мен саябақтар, әдемі орналастырылған гүлзарлар, шағын нысандар, ландшафт элементтері адамның көңіл-күйіне, оның денсаулығы әсер етеді.
Абаттандырылған аумақ - кез келген елді мекеннің визит карточкасы. Сондықтан Қайрат Алғазинұлы өзінің кіші Отанының нағыз патриоты ретінде бұл мәселеге үлкен көңіл бөледі.

Read more

САМАР АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

7 мамырда Самар ауылдық округінің мәжіліс залында депутат Гүлнұр Нұрсейітқызы Садықованың төрағалығымен Самар аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы Т.М. Сарманов, Самар аудандық мәслихатының депутаттары, Самар өңірінің ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Бірінші сессияның күн тәртібіне Самар аудандық мәслихатының хатшысын сайлау, Самар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, Самар аудандық мәслихатының тұрақты комиссия-ларын сайлау, Самар аудандық мәслихатының тұрақты төрағаларын сайлау, Самар аудандық мәслихатының регламентін бекіту, штат санының лимиті және Самар аудандық мәслихаты туралы ережені бекіту сияқты мәселелер енгізілді.
Күн тәртібіне сәйкес және "мемлекеттік бас-қару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 19-бап негізінде Самар ауданы мәслихатының жаңа хатшысын сайлау қажет. Депутат Гаухар Төлеуғалиқызы Бибосынова Көкпекті аудандық мәслихатының үш шақырылымының тәжірибелі депутаттарының бірі, Самар ауылдық округі аумағындағы мемлекеттік мекеменің құр-метті және беделді басшысы ретінде Гүлнар Қасымжомартқызының кандидатурасын ұсынды.

Read more

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі

Құрметті отандастар!

Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын.

* * *

Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын.

Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін.
Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз