Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті көкпектіліктер, қадірменді жерлестер!

Көкпекті ауданының тарихын түгендеу мақсатына арналған «Көкпекті ауданының энциклопедиясы» атты басылым әзірленуде. Бұл басылым келер ұрпақ қолданатын ғылыми анықтамалық болатындай етіп Қазақстан Республикасы «Ғылым ордасының» энциклопедия орталығынан шығарылады.

Келесі ұйымдастыру шараларының орындалуына қолдау білдіруді сұраймыз:
- Көкпекті ауданы бойынша дербес ұйымдар, мекемелер, ЖШС, ірі шаруа қожалықтарының тарихы, олардан шыққан айтулы тұлғалар туралы мәліметтер сипаттамасы және фото суреттерімен;
- Көкпекті ауданы мәдениет, өнер және спорт саласындағы мекемелер және осы салаларда жетістікке жеткен тұлғалар туралы мәліметтерді сипаттамасы және фото суреттерімен;
- Көкпекті ауданы өнеркәсіп мекемелері туралы мәліметтерді сипаттамасы және фото суреттерімен;


- Ауданымыздың киелі жерлері мен ескерткіштері туралы мәліметтерді сипаттамасы және фото суреттерімен;
- Көкпекті ауданының табиғаты және жануарлар әлемі туралы мәліметтерді сипаттамасы және фото суреттерімен қолдарыңызда бар ақпаратты әрбір ауылдық округ әкімшілігі жанынан құрылған жұмыс топтарына немесе аудандық редакцияға тапсыруға болады. Электрондық құжаттарды: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жолдаңыздар.
Энциклопедия - ғылым мен білімнің, болмаса іс-тәжірибелік қызметтің бір немесе бірнеше саласы бойынша әліпбилік тәртіпте жасалатын қысқаша мақалалардың анықтамалық басылымы. Энциклопедия құрылымы жүйелі түрде жасалады. Атап айтқанда, ғылым саласы бойынша іріктеп алынған материалдар алфавит тәртібімен орналастырылады.
«Көкпекті ауданының энциклопедиясы» бойынша редакциялық кеңестің құрамы:
Раджан Сейтқанов - редакциялық кеңес төрағасы;
Серікқазы Қорабай - бас редактор;
Серікбек Аргынғазин – шығарушы редактор.
Редакциялық кеңес мүшелері:
Айбек Тлеухан
Өмірзақ Сұлтанов
Мұқан Агзамов
Нұржан Қуантайұлы
Қайрат Мәлікаждар
Дархан Бердібек
Бек Нұғыбаев
Редакциялық кеңес жұмысына қатысушы зиялы қауым өкілдері:
Әбділпар Жайсан
Шолпан Саяхимова
Баянды Қожамбетов
Атымтай Әбенов
Кәрібай Сұлтанов
Клара Смаилова
Сания Байбулова
Серікбек Аргынгазин
Сләмбек Мұқашев
Құдайберген Толықбаев
Сайлау Күдербаев
Жеңіс Шалдырбаев
Александр Рукин
Гульнар Даниярова
Қайролла Қарыкболов
Өкеш Большинов
Қарлығаш Жумажанова
Күлзияш Ибрагимова
Г.Арганчеева
Марат Теміржанов
Энциклопедияға енгізілетін тұлғаларды іріктеу шарттары:
- Батырлар, Ерлер, Халық Қаһармандары;
- Кеңес Одағының Батырлары;
- ҰОС орден және «Ерлігі үшін» медалін алған соғысқа қатысушылар;
- Ғалымдар, кандидат және доктор ғылыми атағы барлар;
- Әскерилер, майор шенінен жоғары;
- Спорт шебері атағын алғандар;
- Республикалық деңгейде өнер көрсеткен әртістер мен ардагерлер, Мәдениет қайраткерлері;-
- Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі иегері атанған мұғалімдер;
- Орденді шаруашылық басшылары, ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен мамандары;
- Көкпекті ауданының «Құрметті азаматтары»;
- Ірі кәсіпорын иелері;
- Меценаттар, филантроптар;
- Аудан аумағындағы ұлы құрылысқа қатысқандар, СЭС, су қоймасы, шығыс сақинасын салғандар;
- Көкпекті ауданы аумағында өткен ел тарихындағы айтулы оқиғалар мен жағдайлар;
- Көкпекті ауданында өмір сүрген би, шешен, батыр, бай, шонжар, қажы, көпес, аға сұлтан, хандар;
- Көкпекті ауданындағы мәдени құндылыққа жататын ескерткіштер мен мазарлар, кесенелер;
- Көкпекті ауданындағы киелі жерлер.
Құрметті жерлестер! Қадірменді ел мен жер тарихының білгірлері, туған өлкесін шексіз сүйетін көкпектіліктер! Тұңғыш рет шығарылғалы отырған «Көкпекті ауданының энциклопедиясына» қажетті құнды деректерді жинақтастыруда бір кісідей ат салысып, ел мен жер тарихын мәңгілікке мұра ету жолында нәтижелі істер атқарайық.

Ұйымдастыру алқасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз