Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалының кезекті XXIII-ші есептік сайлау конференциясы өткізілді. Барлық санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтық сақталуына мән берілді. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен конференция жұмысына Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Болат Бекбердинов, аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, саяси кеңес мүшелері, саяси кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияның белсенді мүшелері, жастар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ат салысты.


Күні тәртібінде Көкпекті аумақтық партия филиалы Саяси Кеңесінің 2019-2020 жылдар аралығында атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы есеп тыңдалды. Тақырып бойынша «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Кемербаева баяндама жасады.
Жарыссөзге шыққан аудандық мәслихаттың депутаты, Гүлнар Шаймарданова мен №7 Тассай сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержан Мазыбаев есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына барлық партия мүшелері елеулі үлес қосуда. Ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар жобасы да ауқымды. Құрметті партияластар, еліміздің көшбасшы саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, мемлекетімізді өркендету және әрбір азаматтың бақуаттылығы жолында жұмыс істейді. Көкпекті аудандық партия филиалының есептік кезеңдегі жұмысын қанағаттанарлық деп есептеуді ұсынамын, - деді Гүлнар Қасымжомартқызы.
Баяндамашылар ұсынысымен аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің жұмысы "қанағаттанарлық" деп бағаланды. Сондай-ақ партия Жарғысына сәйкес конференция құзыретіне партияның аумақтық филиалының саяси кеңесін сайлау енгізілді. Дауыс беру нәтижесінде 11 адамнан тұратын саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды.
Мамыр айының 6-шы жұлдызында өтетін «NurOtan» партиясының облыстық конференция-сына тізім бойынша Көкпекті ауданынан 10 делегат сайланды. Делегация құрамы бірауыздан бекітілді.
Кезекті конференция соңында жиынды қорытындылаған аудан әкімі Раджан Сейтқанов барша нұротандықтарды еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
- Ең ұлық, қастерлі де қасиетті мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына қазақ елі үлкен жетістіктермен, толағай табыстармен аяқ басты. Әлем аренасында бейбітшілік сүйгіш ел ретінде танылған тәуелсіз Қазақстан Республикасының барлық жетістіктері – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Азаттық жылдарында еліміз қол жеткізген жарқын жетістіктерде «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің еңбегі зор. Осы уақытқа дейін ауданда атқарылған шаруалар ауқымды. Алдағы жоспарлар мен мақсаттар одан да үлкен. Әрбір партия мүшесі өз саласында адал еңбек ететін болса, еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын болары сөзсіз, - деді Раджан Қайырқанұлы.
Сөз соңында аудан басшысы бүкіл әлемді дүрліктірген қауіпті індетпен күрес шараларын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын баса айтты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз