Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 15 сәуірде № 5 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында СОVІD-19 коронавирус инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы кезекті қаулы шықты. Облыстық құжат 19 сәуірде күшіне енді. Тұрғындарға қаулыны түсіндіру мақсатында біз Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Қабышқызы Абдрасуловамен сұхбаттастық.
- Гүлмира Қабышқызы, облыстың бас санитарлық дәрігері Қ. А Тұрдиевтің кезекті қаулысының негізгі мәні неде?
- Ол 2021 жылғы 19 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық немесе өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын ұзартудан тұрады. Облыс аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері қайта қаралуы мүмкін.


- Маска режимін сақтау міндетті ме? Оның талаптары қандай?
- Халыққа медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті: көшеде, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметіне рұқсат етілген объектілерде; COVID-19 коронавирустық инфекциясына күдікті адамға не науқасқа көмек көрсету кезінде сау адамдарға; коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға.
Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию керек: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу керек, сонымен қатар оны қолға немесе мойынға байламау керек. Отбасы мүшелерін қоспағанда қашықтықты (1,5 - 2 метр) сақтау ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда немесе қызметіне рұқсат етілген объектілерде (отбасы мүшелерін қоспағанда) болған және жүріп-тұрған кезде міндеттеледі.
Медициналық немесе матадан тігілген маскаларынсыз келесі жағдайларда: 5 жасқа дейінгі балаларға; спорт және ойын алаңдарында, скверлерде, саябақ аймақтарында, жағалау және басқа да орындарда жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарға (әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда, 5 адамнан аспайтын); қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде; медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға жеке көлікте жалғыз өзі, отбасы мүшелерімен (жалғыз өзі, бір отбасы мүшелерімен); заңнамада тыйым салынбаған жерлерде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.
- Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық нысандарының жұмыс уақытын шектеу және рұқсат ету өлшемдерінің критерийлері қандай?
- ЖМҚС, дәріханалар, медициналық ұйымдар, мұражайлар, кітапханалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, өнеркәсіп, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілерінің, діни бірлестіктер объектілерінің (ұжымдық іс-шаралар өткізбей), мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар) қызметіне рұқсат етіледі. Демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізуге рұқсат етілген. Көрермендерсіз жеке (5 адамнан аспайтын) және топтық (30 адамнан аспайтын) жаттығуларды өткізу үшін жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері) жұмыс істейді.
Алдын ала жазылу бойынша автожуу, ТҚС, стоматология, шаштараз жұмыс істейді және маникюр, педикюр, массаж қызметтері көрсетіледі. Жеке қызмет көрсетумен (бір клиентке) ателье, аяқ киім, телефон, сағат жөндеу объектілері жұмыс істейді. Уақыт шектеулерімен (9:00-ден 18:00-ге дейін) ХҚО, "Қазпошта" АҚ филиалдары мен оның бөлімшелері, банктер, микроқаржы, төлем және кредит ұйымдары, ломбардтар қызметі жүріп жатыр. Азық – түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттардың ішінде және сыртында),
сауда объектілері жұмыс күндері, демалыс күндері (жексенбіде-18:00-ге дейін) және мереке күндері объект алаңының 30% - ынан аспайтын мөлшерде жұмыс істейді.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда) 07.00-ден 24.00-ге дейін көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, отырғызу орындары санының 50% - нан аспайтын (бірақ 50 орыннан аспайтын) толтырылуымен және бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отырумен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Білім беру объектілері бұрынғы режимде жұмыс істейді (балабақшаларда-кезекші топтарда 25 баладан артық емес, мектептер – дәстүрлі және аралас форматта). Фитнес-орталықтар / клубтар қолданыстағы жұмыс режимін 50% - дан аспайтын толтырумен сақтайды.
Балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, балалар секциялары, үйірмелер, факультативтер топтың толтырылуы 15 адамнан аспауы керек. Топта бір адамға 4 ш.м. есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, алдын ала жазылуы бо-йынша.
- Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, халыққа қызмет көрсету объектілері қалай жұмыс істейді?
– Жұмыс берушілерге (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқықтық тәртіп объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда): 50% қашықтықтан; 50% күндізгі режимде өткізіледі. Кеңестер (отырыстар) күндізгі режимде (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) өткізіледі.
- Неге тыйым салынады?
- Балалар сауықтыру лагерлерін жүргізуге, ас беруді өткізуге, банкет залдары, ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынады (караоке, түнгі клубтар және басқа да орындардың жұмысына).
Қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын - сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары, бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, іс-шараларды (корпоративтерді) - өткізуге тыйым салынған. Бұқаралық, отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) іс-шараларға (соның ішінде үйде) өткізуге тыйым салынады. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынады.
- Сұхбат соңында нені атап өткіңіз келеді?
- Жерлестерімізге айтарым. Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары! Бұқаралық және отбасылық іс-шараларға барудан және қатысудан аулақ болыңыз. Маска режимін, антисептиктерді қолдануды және қоғамдық орындарда қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, біз коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алуды ұсынамыз, өйткені вакцина індеттің алдын алудың бірден бір жолы. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз!
- Берілген ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз!
Сұхбатты жүргізген
Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз