Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында өткен жылы Көкпекті ауданына жылжымалы диагностикалық кешен берілген болатын. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Көкпекті ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін «Денсаулық керуені» жылжымалы медициналық кешен негізінде жолға шықты. Бізге бұл сапар туралы «Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер эпидемиологы Е. И Сорокина айтып берді.
Алғашқы жылжымалы кешен Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауылында болды. Ол ауылда 220 тұрғын тұрады. Кешеннің ішінде хирург дәрігер Р.Р. Насибуллин, дерматолог дәрігер О.В. Дериглазова, көз дәрігері мейірбикесі Р.О. Аринова, әйелдерді қарау кабинетінің акушеркасы Ж. Баймадиева, рентген-зертханашы Д. Нажмиев, клиникалық зертханашы Д. Нұрпейісова сынды мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті. Бұл күні біздің мамандарға 105 адам қабылдауда болып, оның 20 - сы аудандық ауруханаға жете тексеруге жіберілді. Ол үшін кешен ішінде цифрлық рентген аппараты, қан тексеру зертханасы, гинекологиялық бөлме қарастырылған.


Жылжымалы медициналық кешен - ол ең заманауи жабдықтармен жабдықталған гинекологиялық тексеруге арналған аймақ, рентген және флюорография бөлімі, жалпы қабылдау, жалпы практика дәрігері кабинеті, зертханалық диагностика, функционалдық диагностика аймағы (УДЗ, ЭКГ) жасақталған.
Рентген және флюорография бөлімі радиациялық қорғаныс тұрғысынан толығымен қауіпсіз, өйткені олардың басқа аймақтар арасында арнайы қорғаныс қабаты бар.
Алдағы уақытта біздің тұрғындар аудан орталығына бармай-ақ скрининг тексеруден өте алады. Жылжымалы медициналық кешенде көз, құлақ ауруларын тексеретін автоматты аппарат бар. Сондай-ақ, портативті анализаторларда қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтауға болады.
Жылжымалы кешеннің жұмысына тұрғындар оң бағасын беріп отыр. Көбіне орталыққа сабылмай, шағын ғана кешеннің мүмкіндігіне таңдай қаққан жұртшылық қолайлы медициналық қызмет түрлерін ұсынып отырған сала басшыларына ризашылығын білдіруде. Ажа ауылының тұрғыны Динара Рыспаева: - Бүгін аудан орталығынан мамандар келеді дегенді естіп, дәрігер кеңесін алуға келіп отырмын. Аудан орталығына барып тексерілу үшін біраз уақыт керек. Оған қолымыз да тие бермейді. Ал мамандар бүгін бізге өздері келді. Менің осындай игі істерді ұйымдастырып отырған сала мамандарына алғысым шексіз.
7 сәуірде аудандық ауруханадан шыққан «Денсаулық керуені» Теректі ауылына бет алды.
Бұл күннің таңдалуы кездейсоқ емес, 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде аталып өтіледі, ол жыл сайын, 1950 жылдан бастап тойланып келеді. Денсаулық күніне арналған іс-шаралар адам өмірінде денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін түсінуі үшін өткізіледі. Өйткені, аурудың алдын алу - денсаулығымыздың басты құрамдас бөлігі. Халық арасында: «ауруды емдеуден гөрі оның алдын алған оңай» - деп бекер айтпайды. Сол себептен ұзақ жылдар бойы Қазақстанда скринингтік бағдарлама жұмыс істейді, ол профилактикалық тексеруді жүргізуге ғана емес, сондай-ақ ауруды 100% емдеуге болатын сырқатты алғашқы кезеңінде анықтауға да көмектеседі.
Бұл күні барлығы 125 адам тексеріліп, оның 31-і аудандық ауруханаға толық тексерілуге жіберілді.
9 сәуір күні жылжымалы медициналық кешен Преображенка ауылында болды. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов халыққа қызмет көрсету барысымен танысып, медицина қызметкерлерінің маңызды да жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз