Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2021 жылдың 4 наурызында Самар ауылдық округінің аумағында "Көктем - 2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде ТЖБ басшылығымен Көкпекті ауданының азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникасының байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу шаралары өткізілді.
Оқу-жаттығуға Көкпекті АЭЖ, №51 өрт сөндіру бекетінің, Көкпекті желілік-техникалық учаскесі, аграрлық-техникалық колледжі, Самар полиция бөлімі, ауылдық округ әкімдігінің, Көкпекті ауданының ТЖ бөлімі, Көкпекті ШЖҚ КМК қызметкерлері, - барлығы 16 бірлік техника және жеке құрамның 71 адамы қатысты. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары М.К. Теміржанов болды.
Байқаудан кейін құралым командирлеріне Лайлы өзенінің жағасындағы су басу кезінде төтенше жағдайларды жою бойынша кіріспе тапсырмалар берілді.


Атап айтқанда, апаттық - құтқару жұмыстар тобы суды сорып алып, эвакуацияланғандарды тасымалдады. Коммуналдық қызметкерлер инженерлік техниканың көмегімен жолдарды ашып, инертті материалдарды тасымалдауды ұйымдастырды. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі эвакуациялық жинау пунктіне көлік колоннасын алып жүріп, төтенше жағдай орнында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті.
Эвакуациялық пунктте барлық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуды өткізу барысында барлық шұғыл қызметтер жоғары дайындық пен үйлесімді жұмысты көрсетті.
Қазіргі уақытта аудан аумағындағы су тасқыны жағдайы ауданның жауапты қызметтерінің толық бақылауында және жағдай шиеленіскен уақытта алдын алу іс-шаралары уақтылы қабылданатын болады.
Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз