Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Жылыту маусымына дайындық» аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың жіті назарында. «Қыстың қамын жаз ойла» деген қағида Көкпекті ауданының ұранына айналғандай. Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің ақпараты бойынша 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында ауданда ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарының қажетті кешендік жос-пары жасалған.
Ауданның 2020-2021 жылдардағы жылу маусымына сапалы дайындалу мақсатында тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандары бойынша жөндеу және дайындық жұмыстарының кестесін жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қажетті отынның нормативтік қорының мөлшері нақтыланған.
Білім беру объектілері бойынша алдағы жылу беру маусымына 43 нысанды дайындау қажет, соның ішінде 18 мектеп пен 2 балабақша қатты отынмен, 2 дизель отынымен, 18 мектеп пен 1 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымы электр қуатымен жылытылады.


Жылу беру маусымына қатты отынға қажеттілік 5743 тоннаны және дизель отыны 51 000 литрді құрайды. Биржа қорытындысы негізінде «Виничук» ЖК көмірді жеткізу бойынша конкурсты жеңіп алған. Көмір жеткізу кестесі жасалып, кес-теге сәйкес шілде-тамыз айларында 100 % көмір жеткізу жопарлаған. Қазіргі уақытта 5743 тонна көмір әкелінді, бұл көмірдің жалпы санынан 100%-ды құрайды.
Қараөткел негізгі мектебінің жылу қазандық-тарын жөндеу жұмыстарын Ақжар ауылындағы «ПМК Құрылыс» ЖШС 38886,6 мың теңге сомасына жүргізіп, аяқтады.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген лимиттер шеңберінде 5 мектеп пен 2 балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді (6 ағымдағы жөндеу және 1 күрделі жөндеу). Сондай – ақ, ЖҚЖК-2020 бағдарламасы аясында 2 мектепте және 1 сауықтыру лагерінде ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта барлық білім беру объектілері бойынша жоспарлаған жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 43 білім беру нысанының барлығы жылу беру маусымына дайын.
Денсаулық сақтау объектілері бойынша жылыту маусымына 35 нысан дайындалуы қажет. Ауданда 1 орталық, 1 ауданаралық ауруханасы, сондай-ақ, 7 АДА (ауылдық дәрігерлік амбулатория), 6 ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт), 20 МП (медпункт) бар. Оның ішінде 2 аурухана қатты отынмен, 2 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 1 ФАП электрлі жылыту жүйесімен және 5 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 20 МП пешпен жылытылады.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемелері бойынша жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көкпекті аудандық орталық ауруханасының қазандығын 4,0 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары, Көкпекті аудандық ауданаралық ауруханасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Көкпекті аудандық орталық ауруханасы» 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына қатты отынның қажеттілігі 2400 тоннаны құрайды. Көкпекті ауданының «Ауданаралық ауруханасы» бойынша 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына қатты отынның қажеттілігі 1250 тоннаны құрайды.
Денсаулық сақтау объектілерінің жылу беру маусымына қатты отынға қажеттілігі 3650 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау объектілеріне 2810 тонна көмір әкелінді, бұл көмірдің жалпы санынан 77% құрайды.
Мәдениет саласы бойынша 31 нысанды да-йындау қажет. Қазіргі уақытта Самар ауылдық клубының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары және қалған мәдениет объектілеріне профилактикалық жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілді. Мәдениет нысандарына 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына қатты отынның қажеттілігі 900 тоннаны құрайды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында жасалған шартқа сәйкес қатты отынды тасымалдаушы ЖК «Виничук» көмірдің 1 тоннасы үшін орташа баға көрсеткіші - 17 000 теңге. Шарт бойынша ЖК «Виничук» көмір сақтау қоймасында қазан айынан желтоқсан айына дейін жылытуға жететін 468 тонна көмір бар.
Ауданда орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Тұрғындар үйлерін жеке жылумен жабдықтау көздерін пайдаланады. Халыққа жылу беру маусымына қатты отынның қажеттілігі 33 000 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 13 083 тонна көмір әкелінді, бұл көмірдің жалпы санынан 39,6 %-ды құрайды. Көкпекті ауданында «Виничук» ЖК сыйымдылығы 700 тонна 1 отын базасы бар, ол Көкпекті ауылында орналасқан және халыққа көмір жеткізу, сату бойынша маманданған. «Виничук» ЖК өзінің 6 КамАЗ автокөлігімен көмірді «Қаражыра» көмір разрезінен отын базасына жеткізеді. Отын базасында таразы және көмірді тиеу мен қоймалау үшін тиегіш трактор бар. Көмірді үйге жеткізу тіркемелі арбасы бар МТЗ - 80 тракторымен (Кун) жүзеге асырылады. Ал Самар өңіріндегі тұрғындарды қатты отынмен «Иртыштранс» ЖШС қамтамасыз етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік көмірді Песчанка айлағына су көлігімен (баржамен) жеткізеді. «Иртыштранс» ЖШС шілде айының басында су көлігімен 1600 тонна көмір жеткізді. Халықтың сұранысы бойынша қосымша көмір жеткізілуі мүмкін. Сондай-ақ аудан тұрғындары үшін көмірді жеткізу және сатуды басқа 47 жеткізушілер (ЖШС Ш/Қ, ЖК және жеке тұлғалар) өз көлігімен жүзеге асырады.

Көкпекті ауданының ТҮКШ,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз