Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 қыркүйек күні аудан әкімі Серікқазы Садуақасов жұмыс сапарымен Қарамойыл және Мамай ауылдарына барды. Мал бағып, егін егіп, шаруасын домалатып отырған берекелі ауылдардың тіршілігімен танысып, болашаққа жос-парлар жасады.

Қарамойыл - Көкжайық ауылдық округіне қарасты шағын елді мекен. Аядай ғана ауыл азаматтарының тындырымды тірлігі көз сүйіндіреді. Тынымсыз еңбектің арқасында тұрмыс түзелген. Жұмыссыздық азайған. Өйткені, жергілікті шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ден қойған. Бірі егін егіп, жер анадан нәпақа айырса, енді бірі мал басын көбейтіп, пайдаға кенеліп отыр.
Шағын ауылда мал бағып, егін еккен «Талап» шаруа қожалығының тұрмысы түзу. Іргелі шаруашылық басшысы Жұмабек Күшікпаев аудан әкіміне егістік алқабын көрсетіп, күзгі жиын-терім барысын баяндады. Өнім көлемі жылдағыға қарағанда жоғары. Бұған қожалық мемлекет қолдауының арқасында қол жеткізіп отыр.
Юрий Гагарин атындағы бастауыш мектептің аумағын абаттандыру бойынша білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова мен мектеп директорына тапсырма берілді. 2015 жылы жеке қаражатына ауыл мектебін салып берген жергілікті кәсіпкер Жұмабек Күшікпаев ауылды көркейту - әр азаматтың перзенттік парызы деп санайды. Олай болса, атпал азаматтың ауылына жасаған сыйын лайықты ұстап отыру - жауапты мамандарға сын болмақ.
Мамайда біздер берекелі ауылдың тірлігін көрдік. Ауыл халқы өте ұйымшыл. Туған жерден қандай қиындық болса да, ешқайда көшіп кетпеген. Әр үйдің жанында жиналып тұрған мал азығының молдығына қарап-ақ, бұл ауылда еңбекқор жандар тұратынын аңғару қиын емес.
Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы бірден ат басын білім ордасына бұрды. Амангелді атындағы орта мектептің жұмысымен танысқан аудан басшысы білім ордасына қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды талқылады. Спорт залының төбесінен су ақпайтындай етіп жөндеу жұмыстарын жүргізу мен еденін қалыпқа келтіру бойынша міндеттер жүктелді.
300-ден астам тұрғыны бар Мамай ауылындағы клуб үйінің шатыры жөнделетін болды. Мәдениет ошағының жағдайын көзімен көрген аудан басшысы ғимаратты теңгерімге қойып, шатырын жаңалауға қажетті қаражатты есептеп, ұсыныс енгізуді ауылдық округ әкіміне тапсырды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз