Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

4 қыркүйек күні аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов ақсақалдармен кездесті. Киелі Көкпекті өңірінде аузы дуалы, елге қамқор көнекөз қариялар баршылық. Сләмбек Мұқашев басқаратын ардагерлер кеңесі қашан да ауданның қоғамдық өмірінің алдыңғы қатарынан табылуда.

Серікқазы Құсайынұлы ардагерлерге өзін таныс-тыра келе, жұмыс барысында елдің үлкендерінің ақыл-кеңесіне сүйеніп жұмыс жасайтынын жеткізді. Өз кезегінде елдің арқа сүйер қариялары бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Еңбек ардагері, жазушы Ратбек Арынұлы аудандық кітапханаға арнайы ғимарат бөліп, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуіне жағдай жасау мәселесін көтерді. Минташ Искаков ақсақал 5 жыл бұрын ауыл ішіне тартылған канализация салу жұмысы сияқты аяқсыз қалған, қолданыстан шыққан нысандарды қолға алуды сұрады. Ұзақ жылдар ауданның аграрлық саласын басқарған ауыл шаруашылық саласының ардагері Құмар Нұрсапаұлы бруцеллез ауруының өршіп тұруына алаңдаушылық танытты. Қыстық азықпен қамту мақсатында жәрмеңке ұйымдастыру туралы өтініш айтылды.


Аудан басшысы барлық сұрақтар бойынша жа-уап бере отырып, халықты еңбек етуге тәрбиелеп, туған топырақтың құнарын елдің игілігіне асыруға атсалысуға шақырды.
- Еңбек етіп, табиғат байлығын дұрыс игеруіміз керек. Жас ұрпақты еңбекке баулу - біздің парызымыз. Су мәселесі бойынша әр елді мекенде халық болып, жергілікті қауымдастықтың бақылауымен қабылданып алынады. Жұмысты сапалы жасау - біздің міндетіміз. Аудан орталығында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын қатаң қадағалап отырмыз. Болашақта әр ауылда баспана мәселесін шешу үшін заманауи талаптарға сай тұрғын үй салу жобасын құрып жатырмыз. Кітапхана мәселесімен таныстым. Алдағы уақытта бұрынғы Балалар үйі болған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, сол орынға орналасады. Бос тұрған нысандарды іске асыру бойынша жұмыс басталып кетті. Басталған жобалар соңына дейін жеткізіледі. Түнгі жарықтандыру мәселесі бойынша тапсырмалар берілді. Әр ауылда жарық берілуін қарастырамыз. Бруцеллез мәселесі өте өзекті. Мамандармен жұмыс жүргіземіз, - деді Серікқазы Құсайынұлы.
- Елді тұрмыс мәдениетіне, ауылдың тазалығына шақыруымыз керек. Білім беру саласына көп көңіл бөлінеді. Жеңіс саябағында бабалар ерлігіне тағзым ету жобасын жоспарладық. Ақсақалдармен ақылдаса отырып, халықтың үніне құлақ түріп жұмыс жасаймыз, - деп қорытындылады аудан басшысы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз