Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өркениетті елдерде қайырымдылық өмір сүру нормасы болып табылады. Ауқатты адамдар ақшаның немесе материалдық құндылықтардың бір бөлігін жақсы іске, мұқтаж адамдарға көмектесуге жұмсау қалыпты жағдай деп санайды. Шетелде қайырымдылық жасау - халықтың барлық топтарына тән. Ал қайырымдылық жасау халқымызда ең ізгі қасиеттердің бірі.
Белгілі кәсіпкер қайырымды жандардың қатарына жерлесіміз BI Group астаналық Холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы, Құлынжон ауылының тумасы - Айдын Жұмаділұлы Рахимбаевты атауға болады.
Біздің кейіпкеріміз туралы әңгімені өрбітсек, ол Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, «Аналар үйі» балалар қорының құрылтайшысы екенін айтайын. Жұмысбастылығына қарамастан, А.Рахимбаев көмек сұраған әрбір адамға көңіл бөледі. Ал мұндай өтініштер аз түспейді. Ең бастысы, ол мүмкіндіктердің арқасында көмек қолын созуға тырысады. Кәсіпкер туған ауылын, округін дамыту жолына көп қаржы жұмсады.


Әлемдегі коронавирустық пандемия қалыпты өмір салтын өзгертті. Ол адамдарды осы бір қиын сәтте басын біріктірді. Еріктілер зейнеткерлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеліп, көршілеріне көмектеседі. Ешкім бей-жай қалған жоқ.
Қауіпті індетке байланысты Айдын Жұмаділұлы 250 жерлес отбасына азық-түлік сатып алу үшін 2 миллион теңге қаражат бөлді. Облыстың инфекциялық стационарлары үшін 100 оттегі концентраты аппаратын жеткізуге айтарлықтай көмек көрсетті, Тағы 10 концентратор аппараты тікелей Көкпекті ауданына жіберілді. Бизнесмен біздің ауданға шұғыл көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 11 млн. теңге көлемінде қаржымен көмек көрсетті.
Ірі кәсіпкер, инвестордың Құлынжон ауылдық округіне қосқан азаматтық парызы туралы округ әкімі Самархан Демесінұлы Демесінов егжей-тегжейлі айтып берді:
- Біздің жерлесіміз үнемі бізбен араласып тұрады, ауыл тұрғындарының өміріне қызығушылық танытады, бізге үлкен қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетеді. Мысалы, біздің әңгімеміздің бірінде, жыл басында Айдын Жұмаділұлы округтің даму жоспарын жасауды, қажетті қаражатты есептеуді сұрады. Нәтижесінде төрт жоба ангар құрылысы (15 900 000 теңге), қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау (7 056693 теңге), балабақша ғимаратын қайта құру ( 32 500 000 теңге), көше жарығын монтаждау( 22 500 000 теңге) жүзеге асырылды. Жобалардың барлығы дерлік орындалды, шамалы аяқталмаған жұмыстар қалды.
40 орындық балабақшаны қайта құру құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған, бірақ ішкі жұмыстары сапасыз жүргізілгендіктен, биыл біз үлкен ойын бөлмесін қостық, ЖСҚ-ны қайта құрдық. Сондай-ақ, кәсіпкер округке өрт сөндіру автокөлігін, тіркемесі бар тракторды сатып алды. Жақын арада жедел жәрдем көлігінің ассенизаторлық машинасы келуі керек. Техникаларды сақтау үшін ангар салынды.Жақында мен Айдын Жұмаділұлына Елордаға барып, округтегі және жалпы аудандағы ахуал жайлы әңгімелеп, пациенттерге алғашқы көмек көрсету үшін медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі туралы айтып бердім. Айдын Жұмаділұлы тағы да дәрі-дәрмек сатып алуға көмек көрсетті. Мен оларды алып келдім, медициналық қызметкердің тағайындаған емі бойынша қажетті препаратты қол қою арқылы қолдануға береміз. Менің ойымша, біз мұнымен дәріханалардағы тапшы дәрі-дәрмектерді тек мұқтаж науқастарға бергеніміз тиімді деп ойлаймын.Өйткені, мен Айдын Жұмаділұлына олардың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп беруім керек, – деді.
Қайырымдылық – яғни бұл жақсылық жасау. Басқаша айтқанда, басқалардың игілігі үшін риясыз қызмет ету. Бұл - адамның адамгершілік-рухани деңгейінің көрсеткіші. Қайырымдылық - ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Дәл осындай жомарт жүректі, адамның бірі - Айдын Рахимбаев.
Біздің көптеген ауылдастарымыз құлынжондықтарға туған жерінің нағыз патриоты бар екеніне, қиын сәтте барлық қазақстандықтар үшін олардың жанында болғанына, көмек қолын созғанына қызыға да қызғана қарайтын шығар.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз