Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 шілде күні Көкпекті ауданына белгілі меценат, атақты жерлесіміз Айдын Рахимбаев жіберген 10 оттегі аппараты мен 11 миллионның дәрі-дәрмегі жеткізілді. Қиын-қыстау кезеңде туған елімен бірге екенін ісімен көрсетіп отырған жомарт жүректі жерлесіміздің өкілі Марат Корпеканов Көкпекті және Самар ауылдарына аталған көмекті жеткізіп, аурухана қызметкерлеріне тапсырды.

 

«Bi Group» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаевтың бас-тамасымен құрылған «Бірлік» қоғамдық қоры арқылы коронавирус індетімен күресу үшін 1 мың оттегі аппараты барлық республика аумағына тегін таратылады. Оның ішінде 100 аппарат Шығыс Қазақстан облысына бағытталса, 10 аппарат кәсіпкердің жерлестеріне жіберген көмегі.
Аудан әкімі Асхат Смаилов барлық көкпектіліктердің атынан Айдын Рахимбаевқа індетпен күресте үлкен үлес қосып, туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін білдіріп отырғаны үшін алғыс айтты.
– Аталмыш құрылғылардың қауіпті індетпен күресте мүмкіндігі зор. Оттегі аппаратының көмегімен науқастарға дер кезінде жәрдем көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. «Ер-туған жеріне» деген қасиетті ұғымды ұстанған жерлесіміз - Айдын Рахимбаевқа ризашылығымыз шексіз, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Рахимбаева.
Оттегі жабдығының 4 данасы аудандық орталық аурухананың провизорлық стационарына берілді. Қазір онда коронавирус жұқтырған науқастар емделіп жатыр. Тағы 4 аппарат Самарға, екеуі Құлынжон ауылына жолданды. Айта кетейік, бұған дейін жергілікті кәсіпкерлер көмегімен 9 оттегі концентраты алынса, Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Көкпекті ауданына тағы да 10 оттегі аппаратын бөліп отыр. Қазіргі күні аудан ауруханалары 29 оттегі концентраты және 5 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылған.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз